Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аграрлы салада серпіліс бар

Аграрлы салада серпіліс бар

Қараша айының үшінші жек­сен­бісі ауыл шаруашылығы қыз­мет­­­­­керлерінің кәсіби мерекесі ре­­­тін­де белгіленген. осыған орай, Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауыл ша­р­уа­­шылығы саласының маман­­дары мен ардагерлерге, кә­сіп­­кер­лерге арнайы мерекелік қа­былдау өткізді. Оған облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов, ауыл ша­руашылығы са­ла­сының ардагері Бақытжан Лекеров бастаған сала ардагерлері, бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты.

Жиынды ашқан аудан әкімі М.Ергешбаев асыраушы сала мамандары мен ардагерлерді мерекемен құттықтады.

– Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты саласы. Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің ар­қасында бүгінде ауданымыздың аграрлық секторы қарқынды дамып келеді. Қажырлы еңбек ететін ауыл шаруашылығы саласының қыз­меткерлеріне, өндiрiс озаттарына, барлық ди­қандар мен мал өсiрушiлерге кәсіби мереке қарсаңында ерекше алғыс пен ризашылығымды бiлдiремiн. Бар өмірін туған жердің дамуына арнап жүрген сіздер ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына өз үлес­теріңізді қосып, табысты еңбек пен төккен тердің жемісін көріп келесіздер. Өңіріміздің дамуы мен шаруашылықтың шыңдалуы жолындағы еңбектеріңіз абыройлы болсын. Дендеріңізге сау­лық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деді аудан басшысы.

Өз кезегінде жыл бойына табанды еңбек етіп, аграрлық саланың өркендеуіне үлес қос­қан қызметкерлер мен ардагерлер марапат­ тө­рінен көрінді. Мәселен, ҚР Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің «Құрмет грамотасын»­ «Ақжарма және К» шаруа қожалығының жо­­ңышқа өсірушісі Қуанышбек Оспан мен «БАҚ»­ шаруа қожалығының күрішшісі Алтынбек­ Нұр­ғали иеленді. Ал облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың «Алғыс хатымен» облыстық мәсли­хат депутаты Расул Есенов марапатталды. Сонымен бірге, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жахановтың «Алғыс хатына» аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің әдіскерлері Бақытжан Сәрсенов пен Марат Біткенбаев, бас маман Бауыржан Мырзахметов ие болды. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың «Алғыс хатына» аудандық статистика басқармасының басшысы Сейілхан Төлегенов, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Садықов, аудандық ветеринариялық станциясының директоры Нұрлыбек Дәулетбаев, республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар орталығының аудандық филиал басшысы Боранбек Қосжанов, аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Наурызбаев, сала ардагері Қонысбек Әбсадықұлы, Күлзада Көшерова, Бақытжан Лекеров, Сағат Асанов марапаталды.

Кездесу соңында облыстық мәслихат депутаты Расул Әбутәліпұлы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Бақытжан Зинадинұлы әріп­тестерін мерекемен құттықтады. Алдағы уа­қытта егіннің бітік шығуына тілектестік білдірді. Күні-түні тыным таппайтын сала май­талмандарының қажырлы қызметін ерекше атап өтті.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
23 қараша 2021 ж. 367 0