Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бітімгершілік берекені арттырады

Бітімгершілік берекені арттырады

Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен Билер кеңесімен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Қызылорда облыстық Билер кеңесінің төрағасы З. Нұрсейтов, Сырдария аудандық сотының төрағасы Р.Алдамбергенов, судья Д.Ералиев, Сырдария ауданы бойынша Билер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев пен мүшелері М.Елеусінов, К.Мұстафаев қатысты.

Сот төрағасы Р.Алдамбергенов қазіргі таңда елімізде дауларды соттан тыс реттеуге баса маңыз берілгенін, соның бір айғағы ескіні жаңғырта отырып, кез келген дауды өршітпей, тез бітірудің тың тәсілдерін жетілдіру қажеттілігіне байланысты ауданымызда 2019 жылы Билер кеңесі құрылып, жұмыс жасап, тәжірибе қалыптастырды.

Қазіргі қоғамда Билер кеңесі азаматтық дау-дамайларды шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей әрекет ете алатынын,Сырдария ауданы бойынша Билер кеңесінің мүшелерінің барлығы білімді, тәжірибесі мол, ел алдында жүрген беделді азаматтар екенін айтты.

Статистикалық деректерге сай аудандық сотпен 2024 жылдың 9 айында 293 азаматтық іс аяқталып, оның 1татуласу, 108 азаматтық іс медиатордың қатысуымен аяқталған.

Қызылорда облыстық Билер кеңесінің төрағасы З.Нұрсейтов өз сөзінде Билер институты өңірдегі қоғамдық келісімді қамтамасыз етіп, қоғамдағы дауды сотқа дейін шешу мен азайтуды мақсат ететінін жеткізді. Жалпы бітімгерлік -адамдар арасындағы сыйластықты, татулық пен берекені, елдің тұтастығын сақтаудағы ең ұтымды тәсіл.

Билерге татуласу рәсімін жүргізу қағидалары мен әдістемесін, дауларды шешудегі Билердің рөлін түсіндіріп, өткен ғасырлардағы билер мен ақсақалдардың дауларды шешу жолдары мен билер институтының құрылу тарихы туралы айтып берді.

Іс-шарада сөз алған Сырдария ауданы бойынша Билер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев бекітілген кесте бойынша сотқа дейін қандай істер санатында тараптармен кездесіп жатқандығын, алда қандай жоспарлар тұрғанын айтып, аталған жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар, Билер кеңесінің төрағасы мен мүшелері дауларды сотқа дейін татуластыру рәсімдері арқылы шешілуіне барынша ат салысатынын, халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп және жастарға отбасын сақтап қалу мен бала тәрбиесі жөнінде өмірлік ақыл-кеңестерін беріп жатқандарын сөз етіп, бұл бағыттағы жұмыстар жандандырылып жалғасын табатынын айтты.

Жиын соңында қатысушылар Билер кеңесі жұмысының ұйымдастырылуына қатысты мәселелерін талқылап, өз ұсыныс пікірлерін білдірді.

Руслан АЛДАМБЕРГЕНОВ, 
Сырдария аудандық сотының төрағасы

12 қараша 2024 ж. 79 0