Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ) дегеніміз не?

Жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ) дегеніміз не?

Жедел респираторлы вирустық инфекциялар ауа тамшылары жолымен таралатын, вирустар мен бактериялардың тыныс алу жолдарының (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, бронхтар) қабынуын туындататын дерт.

ЖРВИ, оның ішінде кең тарағаны – тұмау, көктем, күз қыс айларының жауынды-шашынды күндерінде көбірек байқалып, маусымдылығымен сипатталады.

ЖРВИ кезінде не болады?

Вирустар мен бактериялар тыныс алу жолдары арқылы шырышты қабыққа түсіп, зиянды уытты заттар бөлім шығарады, сосын олар қан арқылы барлық ағзаға тарлады. ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады.

Тұмау – қоздырғышы ауа тамшылы механизмімен берілетін, эпидемиялық және пандемиялық таралуға бейім, жоғары тыныс жолдарының зақымдануымен көрініс беретін, жедел респираторлы вирустық инфекция. ЖРВИ мен тұмаудың инфекция көзі – ауру адам. Әсіресе алғашқы күндерде аурудың жұқпалылығы жоғары болады. Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа тамшы жолдарымен – тыныс алу ағзалары арқылы келеді. Инфекция ауа-тамшылы арқылы басым таралады, сондай ақ бет орамал, сүлгі, жеке заттары арқылы берілуі де ықтимал. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін,орташа 2-3 күнді құрайды.

Инфекцияның негізгі таралу жолымен, пайда болу себептері:

Халқымызда «тұмау түбі құрт, тұман түбі жұт» - деген сөз бар. Тұмауды жеңіл ауру деп қарауға болмайды. Оның асқынулары әртүрлі қауіпті ауруларға апарып соқтырады (пневмония, менингит, гайморит, ренит, отит және т.б.). ЖРВИ мен тұмаудың пайда болуына мына себептер ықпал етеді:құнарлы тамақтанбау, күйзелістер, әртүрлі созылмалы аурулар, иммунитетт әлсіреуі және т.б.

Жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмаудың негізгі белгілері:

Аурудың басталуы жедел интоксикация синдромымен сипатталады, жеңіл, орташа немесе ауыр клиникалық формада өтеді. Жалпы әлсіздік, дене қызуының 390С және оданда жоғары көтерілуі, бас және бұлшық еттер ауырып, адам қалшылдап, дірілдейді, дене тітіркенеді, мұрын қуысы ісініп, кілігейлі бөлінділер ағып, түшкіру пайда болады. Тамақтың ауырып, жұтырмауы және құрғақ жөтел болуы мүмкін.
Жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу жолдары:

Тұмауды алдын алудың 3 түрі белгілі:

- Ең тиімді алдын алу әдісі- тұмауға қарсы вакцинация.
- Дәрімен алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер).
- Жеке және қоғамдық гигиена ережесін сақтау.

Сырқаттанған адамдарды ерте анықтап, оларды көпшіліктен оқшаулау қажет, эпидемиялық маусым кезеңінде бір реттік қолданылатын бетперде кию, бөлмелерді жүйелі түрде желдетіп, күнделікті жиі ылғалдап жуу, организмнің жалпы және жергілікті қорғаныс қабілетін арттыратын шаралар жасау, шынығу, маусымдық аурушаңдық жоғарылаған кезде көпшілік орындарға баруды шектеу, жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрынды бет орамалмен жабу, сырқаттану кезеңінде сұйықтықты, әсіресе лимон, бал, таңқурай, итмұрын қайнатпалары қосылған шәй, минералды суды көбірек ішу қажет. Пияз, сарымсақ, қызыл бұрыш және де С дәруменіне бай тағам өнімдерін тұтыну, әр бір екі сағат сайын мұрын шырышты қабаттарын оксалин майымен майлау, ыстықты түсіретін дәрілер ішу, дәрігер шақырту, кеңес алу. Алдын алу бойынша екпе жасату.

Халықтық медицина тұмауға қарсы қандай тәсілдерді ұсынады:

-ауырып жатқан адамның қасына аршылған сарымсақ қою;

- тұмау кезінде тек сұйық тамақ ішіп, ащы, тәтті және қою заттан бас тартқан жөн;

-тазаланған сарымсақтың 2-3 түйірін ұсақтап, 1:1 етіп балмен араластырып жылы сумен ұйықтар алдында 1 ас қасықтан қабылдайды;

-салқын тигенде, сонымен қатар итмұрын тұнбасын ішу өте пайдалы. Оны дайындау үшін термосқа 2 ас қасық жемісті салады да оның үстіне 2 стақан қайнаған су құйып, ертеңіне бұл тұнбаны жарты стақанна күніне 4 рет қабылдау керек;

Егер ауырып қалсаңыз, басқа адамдармен байланысты барынша азайту және емдеу бойынша нұсқау алу үшін шұғыл дәрігерді үйге шақыртыңыз. Күнделікті жеке гигиена шараларын ескере отырып және науқастанған күннен бастап жеті күн ішінде үйде қалыңыз.

Тұмау ауруы таралмау үшін алдын алу іс-шараларын қолдану қажет және де әр адамның қарапайым санитариялық-гигиеналық ережелерді қолдана отырып, аурудың және тұмаудың таралу қаупін азайта алады.

Ең алдымен «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы ұмытпауларыңыз керек және әрбір адам өз денсаулығына жауап беруі тиіс.


Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық 
бақылау басқармасы
24 ақпан 2023 ж. 408 0