Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмау ауруларының аудандағы эпидахуалы мен алдын алу шаралары

Тұмау ауруларының аудандағы эпидахуалы мен алдын алу шаралары

Бүгін Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының орынбасары Құралай Омарова Тұмау, Жедел респираторлы вирусты инфекциясы ауруларының алдын-алу шаралары және Сырдария ауданы бойынша эпидемиологиялық ахуал жөнінде аудандық қоғамдық даму бөлімінің баспасөз орталығында арнайы брифинг өткізді. 

Брифинг барысында ЖРВИ, тұмау ауруларының аудандағы эпидахуалы, алдын алу шаралары туралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының орынбасары Құралай Омарова айтып берді. Бұдан бөлек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының "Фейсбук" әлеуметтік желісінде тұмау, жедел респираторлы вирусты инфекциясы аурулары және оның алдын-алу жолдары жөнінде тікелей эфирде ақпарат берді. 

– Тұмау өте ауыр вирустық жұқпалы ауру. ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың эпидемиологиялық маусымдылық кезеңі қазан айының 1 жұлдызынан бастап сәуір айының 30 жұлдызы аралығына келеді. Сырдария ауданы бойынша 2023-2024 жылдың маусым кезеңіннен бүгінгі күнге дейін жедел респираторлы вирусты инфекциямен 366 науқас есепке алынып, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 212 жағдайды құрады, 58,0 пайызы балалар арасында тіркелді. 2022-2023 жылдың маусым кезеңімен салыстырмалы түрде алатын болсақ 312 науқас есепке алынып, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 234  жағдайды құрады, 75,0 пайызы балалар арасында тіркеліп аурушаңдық деңгейі 1,7 көтерілгендігі байқалады.Тұмаудың маусымдық кезеңінде профилактикалық әдістердің бірі науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу болып табылады, адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу қажет. Науқас үйде болғанда оны оқшаулап, бөлмені жиі желдетіп, ылғалды жинау жүргізу қажет.
Тұмау профилактикасының маңызды әдістерінің бірі әсіресе ауырған кезінде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды сабынмен немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып жуу болып табылады.
Тұмаудан кейінгі асқынулар өте қауіпті, себебі тұмау вирустары ең бірінші орында тыныс жолдарын бактериялардан тазартып тұратын эпителийді зақымдап, оның қызметін жояды. Эпителийдің қорғаныш қызметінің бұзылуынан организмге бактериялардың енуіне жол ашылады, содан асқынулар пайда болады дейді, – Қ.Омарова.

Тұмау ауруынан кейінгі асқынулар:
  • - ринит мұрынның шырышты қабатының қабынуы;
  • - отит құлақтың қабынуы;
  • - бронхитбронхылардың шырышты қабатта рының қабынуы;
  • - пневмонияөкпенің қабынуы;
  • - миокардит жүрек бұлшық еттерінің қабынуы;
  • - перикардит жүректің серозды қабатының қабынуы;
  • - миозит бұлшық еттердің қабынуы;
  • - пиелонефрит бүйрек ткандерінің қабынуы;
  • - менингит жұлын және бас миының қабынуы;
  • - энцефалит бас миының қабынуы.
Тұмауды алдын алу үшін:
1. Ең тиімді, сенімді жолы ол - тұмауға қарсы егілу (вакцинация);
2.Үйдің ауасын жиі желдету арқылы тазарту, бөлмелерді дымқыл шүберекпен сүртіп тазарту;
3. Бөлмелерді қалыпты температуралық режимде ұстау;
4. Жеке бас тазалығын сақтау;
5.Қолды жиі жуу немесе бір реттік ылғалды қол орамал пайдалану және  беторамалдарды жиі ауыстыру;
6. Дене шынықтыру, таза ауада көбірек болу;
7. Құнарлы және сапалы тамақтану;
8. Әрбір 2 сағат сайын мұрынның шырышты қабаттарын оксолин майымен майлап отыру;
9. Халықтың жиі шоғырланатын жерінде болуды шектеу.

Тұмаудың алғашқы белгілері басталғаннан бастап өз бетіңізше ем жүргізбей, дәрігерге қаралу қажеттігін естен шығармаған жөн.

14 ақпан 2024 ж. 293 0