Эхинококкоз ауруы дегеніміз не?

Адам табиғи су қоймаларынан ластанған суды ішу арқылы және эхинококк жұмыртқалары жұқтырған иттердің нәжісімен бірге түсетін жуылмаған көкөністерді, жемістерді, жидектер мен шөптерді жеу арқылы да жұқтыруы мүмкін. Адамда эхинококкоз көптеген айлар, тіпті жылдар бойы симптомсыз болуы мүмкін. Эхинококк адамның барлық дерлік мүшелері мен тіндерінде локализациялануы мүмкін, бірақ көбінесе бауырда кездеседі. Сондай-ақ, кистаның іріңдеуі, перитониттің дамуы, анафилактикалық шок және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Көбінесе эхинококк (20-30%) өкпеге әсер етеді. Бастапқыда ауру асимптоматикалық болып табылады, осы кезеңде көпіршікті кеуде қуысын рентгенографиялық тексеру кезінде немесе кеуде мүшелерінің басқа ауруларына күдік туындаған кезде ғана байқауға болады. Барлық науқастарда "эхинококкоз" диагнозы аспаптық (ультрадыбыстық, рентгенография, компьютерлік томография) және серологиялық диагностика деректері негізінде белгіленеді.
2023 жылы эхинококкоз ауруының 2 жағдайы тіркелсе, 2024 жылдың 9 айында эхинококкоз ауруының 1 жағдайы тіркелді. Ауруға қарсы эпидемиологиялық шаралар уақытылы жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар зертханалық жолмен тексерілді. Тіркелген науқастар ота жасау арқылы сауықтырылды.
Рүстем БИМАҒАМБЕТОВ,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы