Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін – құтқарушылар күні

Бүгін – құтқарушылар күні

Бүгін біз өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, ел тыныштығын сақтауға үлес қосып жүрген құтқарушылардың кәсіби мерекесі. Апаттың алдын алу, тосын жағдайларда жедел әрекет ету және адамдардың өмірін сақтау – нағыз ерліктің көрінісі.

Іс-шара ҚР ТЖМ генерал-майор Шыңғыс Әріновтың құттықтау сөзімен басталып, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қайрақбаевтың құтқарушыларға жылы лебізімен жалғасты. Одан соң қайта жаңғыртылған «Отқа оранған өреңдер» атты мемориалды ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Мерейлі мерекеде қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған және жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер ведомствалық наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қанат Шарафадиновке «Азаматтық қорғау подполковнигі» кезекті арнаулы атағы берілсе, Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Бейбітхан Спанов «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды. Қызметкерлерден бөлек, көп қабатты тұрғын үйдің терезесін сүртпек болып, құлап кете жаздаған әйелді жедел әрекет етіп, құтқарып қалғаны үшін Каипов Олег пен жазғы кезеңде 2 жасар баланы бассейнде суға батудан құтқарғаны үшін Хұсайын Айсұлтан да марапат иегері болды.
19 қазан 2024 ж. 12 0