Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы

Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық қызығушылықты төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады.

Қазір сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасын арттыру жүргізілуде. Осыған байланысты Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратында атқарылған жұмыстар аз емес.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою жөнінде нақты іс-шаралар қабылданып, ай сайын ауылдық округі әкімі аппаратында мекеме қызметкерлері арасында және мекемеге қарасты ауылдық клуб үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын сақтау бойынша құқықтық оқулар өткізіліп, нәтижесі мекеменің әлеуметтік желісіне (фейсбук) жарияланып отырады. Ауылдық №137 орта мектебінде оқушыларға кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу және сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіріп, пара беру, пара алу және параға делдал болу – жемқорлықтың өте кең тараған түрі екендігін, пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындығын, үлкен қылмыс ретінде саналатындығы ұдайы түсіндірілуде. Мекемеге қарасты С.Сейфуллин ауылдық клубында комплаенс қызметкері (офицері) жұмыс істейді. Комплаенс-қызметке азаматтар квазимемлекеттік мекемесі немесе қызметкері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың орын алған немесе ықтимал мүмкіндігі туралы ақпаратты хабарлайтын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізе алатын ақпарат (сенім телефоны 25-4-75) арнасы ұйымдастырылған.

С.Сейфуллин ауылдық округі бойынша Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы күрес бағытында тұрғындарға брошюралар таратылып, Қ.Әбдірей көшесіне билборд, мекемелердің көрнекі жерлеріне плакаттар ілінген. Мекеменің әлеуметтік желісіне (фейсбук) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мағынадағы видеороликтер жарияланып отырады. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы м­әдениетті қалыптастыру мақсатында ауыл жастарымен кездесулер өткізіліп, спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төраға­сының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жыл сайын ауылдық округі әкімі аппараты мен ауылдық клуб үйінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.

Ауылдық округі әкімі аппаратында азаматтардың арыз шағымдарына арналған жәшікке жауапты маман бекітілген, жәшіктердің ашылуы және жауап берілуі қадағалануда. Қазіргі таңда жәшікке ешқандай арыз шағым түспеген. Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратында қабылданған нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады. Ауылдық округі әкімі аппаратында алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу жолдарында нақты іс – шаралар атқарылатын болады.

Б.ҚЫДЫРБАЕВ,
С.Сейфуллин
ауылдық округінің әкімі
Фото: egemen.kz
01 маусым 2024 ж. 141 0