Сыбайлас жемқорлық – қоғам індеті
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-бірінен ұқсамайтын әлемдегі барлық елдің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» заң талабының аясында да жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Сыбайлас жемқорлық қоғамды әділетсіздікке ғана ұрындырып қоймай, елдің экономикалық жүйесінің қауіпсіздігіне, экономикалық дамып жетілуіне кері әсерін тигізеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттермен жұмыс жасау, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2024 жылға арналған іс –шаралар жоспарына сәйкес Сырдария аудандық аумақтық инспекциясында жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық аумақтық инспекциясында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу бойынша жүйелі түрде құқықтық оқулар, түсіндірме жұмыстары өткізіліп отырады.
Алдағы уақытта инспекция тарапынан қоғамдағы қауіпті кеселдің алдын –алу үшін жоспарға сәйкес тиісті шаралар атқарылатын болады.
Түйіндей келе, сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою міндет екенін әрбір азамат мен азаматша түсініп, қоғамымыздағы осы бір келеңсіздікке көп болып қарсы тұруы керек деп ойлаймын. Бұл біздің әрқайсысымыздың азаматтық парызымыз.
Е.АСҚАРБЕКҰЛЫ,
ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Сырдария аудандық аумақтық инспекция басшысы