Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлыққа жоқ жоқ

Жемқорлыққа жоқ жоқ

Бүгінгі таңда Қазақстан Респуб­ликасында негізгі проб­лемалармен қатар сыбайлас жемқорлық мәселесі өткір болып тұр. Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның келеңсіз құбылысы, үнемі мұқият зерде­леу­ді, жүйелі көзқарасты, жан-жақты және жедел әрекет етуді талап етеді.

Елімізде орын алып отырған сыбай­лас жем­қорлықтың деңгейі мен ауқымы экономиканың дамуына кедергі келтіріп, инвестициялық ахуалға кері әсер етіп, еліміздің имиджін төмендетеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Мемлекет басшы­сы­ның Қазақстан халқына Жолдауын­да жыл сайын қамтылып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әрекетсіздік азаматтар арасында наразылық пен құқықтық нигилизмнің күшеюіне әкеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды әдістерінің бірі заң талап­тарын нақты сақтау болып табылады, онда моральдық жағы да маңызды рөл атқарады. Өйткені, адам­гершілігі жоғары адам заң бұзбайды. Демек, сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам күресу керек. Сонда ғана еліміз әлемдегі сыбайлас жем­қорлық жоқ мемлекетке айналады.

Нұғыман СМАЙЛОВ,
Шаған ауылдық
округінің әкімі
Фото:Н.НҰРЖАУБАЙ
29 маусым 2024 ж. 150 0