Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Су мен жерге еңбек еткен ардагер

Су мен жерге еңбек еткен ардагер

Сыр халқының негізгі тіршілік көзіСырдария суы десек, аграрлы ауданныңөсіпөркендеуінде су шаруашылығының алар орны ерекше. Тіршілік нәрі, молшылық көзі саналатын суөмірдің күретамыры. Осы саланың ыстығы мен суығына төтеп беріп, саналығұмырын су шаруашылығына арнаған еңбек ардагері Ақылбек Баджановтың есімі аудан жұртшылығына етене таныс.

Халқымыз «Өмірдің денесіжер, қанысу, жаныеңбек» дейді. Шын мәнінде, өмірдіңқантамырысу жолдарын ақаусыз жұмыс істетіп, бүкіл жаратылысәлеміне жан бітіретіндей етіп, су мен жерге еңбек еткендеғана ел мен жер байлығы молаяды. Сондықтан су мен жердің тиімділігін арттыру арқылы ел байлығын молайту жолында ерлікпен пара пар еңбек еткен ардақты азамат Ақылбек Мұстафаұлы туралы жазуүшінқолымызғақалам алдық.

Ауданда су шаруашылығының тарихы сексен жылдан асады. Тереңөзек Жалағаш ауданынан бөлініп, өз алдына аудан болып аудан орталығы Аламесектен Тереңөзекқыстағына көшіп келгеннен басталады. Мекемеөз алдына бөлім болыпқұрылғаны жайында байырғы су маманыөз естелігінде айтқан.

Екі бірдей мамандық алған Ақылбек Мұстафаұлы алғашқы еңбек жолын аудандағы баспаханада печатник болып бастайды. Кейін арнаулы оқу орнын Алматы облысы Талғар ауданындағы жеміс-жидек техникумында оқып, агроном-плодовод мамандығын алады. Ауданда су шаруашылығының маман­дарының тапшылығынан, агроном техникумды бітірісімен, ауданғақарасты «Сушаруашылығы» басқармасының «Шіркей­лі» бөлімшесінде гидрометр болып жұмысқақабыл­данады. 1967 жылы су саласында басталған еңбек жолы 45 жылға жалғасып, абыройлы еңбек етіп, ардагерліккежетеді.

Байырғы су маманыөзінің бір сұх­батында: «1976-1977 жылдары Сырдарияөзенінің су деңгейіөте төмен болуынан ауыл шаруа­шылығындағы су тапшылығына байланыс­ты дариядан «Елтай», «Айтек», «Соркөл» канал­дары арқылы су жеткізуүшін «Елтай» каналының сағасына насостарды орнату кезінде котловандыөлшепқазуға және оның бөлшектерінқұрастыру жұмыстарынақатыстым. Сол кездегі 18-партсъезд, қазіргі А.Тоқмағанбетов ауылының шаруашылық егістігіне Елтай каналының сағасына 6 насостықатарқойып, шаруашылықтардың су тапшылығынан зиян шекпеуіүшін, суды кідіріссіз жеткізу, судыөлшеу, тиімді пайдалануға бақылау жасауға атсалыс­тым. Осы жылы Жамбылқаласындағы гидро­мелиоративтікқұрылыс институтына оқуға түсіп, 1982 жылы инженер-гидротехник мамандығын алып шықтым» деген. Бұл Ақылбек Мұстафаұлының алған екінші мамандығы болатын.

Жоғары білімді маман мекемеде бас маман, аға инженер болып жұмыс істейді. 1993 жылы «Сырдариясушаруашылығы» кәсіпорнына инженер-гидрометр болып ауы­сады. Гидрометр, ІІ дәрежелі инженер, Айтек бөлімшесінің бастығықызметінұзақ жылдар бойы абыроймен атқарады.

Ауданның ең күрделі саласының бірінде еңбек еткен ардақты азамат судыңқадірі менқасиеті жайында айтудан ешқашан жалықпаған. Еңбек адамыөз мамандығын мақтан еткені жайында байырғыәріптесі Алмагүл Ердәулетова:

– Ақылбек Мұстафаұлыменұзақ жыл бірге жұмыс істедік. Оның су шаруашылығынақатысты айтқанәңгімелерін тыңдауға асығып тұратынбыз. Саланы бүге-шүгесіне дейін білетін мықты маман еді. «Суөмір жоқ жергеөмір беретін, өмір бар жердіңөмірін жалғайтын тіріқан» деп айтатын сөзінқұлағымызғақұйдық. Шын мәнінде ардақты азамат су шаруашылығы маманы ретінде егіс алқаптарына, жайылымдарға, елді-мекендерге су жүйесі арқылы су жеткізу және дұрыс жеткізілуін реттеп, бақылау бағытында жұмыс жасады.

Су саласының шежірешісі атанғанқазы­налықарт 1940-1950 жылдары ауданда «Сауранбай», «Елтай», «Майжарма», «Ырсымбек», «Бөлебай», «Түкебай» секілді ірі каналдарқол күшіменқазылғанын айтатын, – деді.

Су шаруашылығы маманының халыққа жасағанқызметіұшан-теңіз. Жартығасырға жуық жасаған еңбегі арқылы халқымыздың берекелі, молшылық замандаөмір сүруіне зорүлесқосты. Шаруашылық еңбеккерлері мен су мамандарының тығыз байланыста жұмыла жасаған еңбегінің арқасында жыл сайын молөнім алынып, аудан жоғарғы көрсеткіштерге жетті. Ал егін маусымы аяқталысымен су жүйелерінің жайын зерттеу, жөндеу жұмыстарын бастап кетуөз ісінің шеберлері атанған мамандардың төлқызметі. Сырдарияөзеніндегіқысқы және көктемдегі жоғарыдан келетін мол судың, су тасқынының, сең жүру, мұз кету кезіндегі төтенше жағдайлар туындағанда іске кірісу білікті маманның белсене атқаратынқызметі еді. Егістік жерлерге, жайылымдарға, шаруа­шы­лық­тарға залал келмеуүшінқұзыр­лы мекемелермен бірге күндіз-түні кезек­шілікұйымдастыру, уақытпен санас­пай судан келетінқауіптің алдын алуға және жоюға жұмыс жасауда ерен еңбектіңүлгісін көрсеткені бүгінде мекеме тарихындақаттаулы.

«1995-1998 жылдары елдеқалыптасқанқиындық су саласын да айналыпөтпеді. Шаруа­­шылықтарданқызмет ақысын жинауқиын болды. Сол уақыттағықаржы тапшы­лығынан салыққа, қызметкерлердің айлығы айлап төленбеді. Төленсе текқара күріш, макарон түріндеғана есеп айырылысқан кездер болды. Осықиыншылықтар арттақалып, еліміз жаңарып, өркендеді. Субіздің байлығымыз, оғанқамқорлықпенқарауәр адамның міндеті» депүнемі айтушы еді деп еске алады бүгіндеәріптестері.

Бір саладаүздіксіз 45 жыл еңбек етіп, зейнет демалысына шықса да 69 жасқа дейін тәжірибесінүйретуден шаршамаған еңбек адамыөмірінің соңғы кезеңіне дейін мекеменің бастауыш ардагерлерұйымына төрағалық етті.

Болмысынан көкірегі ілімге бай ардақты ақсақал судай таза, қажырлы еңбек адамы ағайын-туыстың арасында даөте беделді, сыйлы болды.

Отағасының асылқасиетінің бірі ешкімге, тіпті жасы кішіге де «сен» деп сөйлемейтін. «Сіз» деп кішіпейілдіктанытатын. Қатты сөзі жоқ еді. Бауырмал, өзінен кейінгі інілерінеқамқор болды. Бірәкеден туған алты бауырдың барлығы оқып-тоқыған азаматтар. Балаларға жақсы тәрбие берді. Қаталдығыменқатарөте мейірімді жан болатын. Біреуге дауыс көтергенін көрмедім. Байсалдықалпында адал еңбек етті. Өтеқанағатшыл еді. Бағбандығын айтып жеткізуқиын, есік алдын мұнтаздай етіп, ерте көктемнен бастап түрліәсем гүл егетін. Жайқалған ауламызды көргендер таңданысын жасырмайтын. 81 жылөмір сүрген азаматыммен 52 жыл отастым, – дейдіөмірлікқосағы Гүлжан Күзербаева.

Ардақтықарияның жұбайы Гүлжан апа аудандағы 6 «Ботагөз» бала бақшасында 32 жылқойма меңгерушісі болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан аяулы ана. Жұмысы мен отбасынқатар алып жүріп, қызметтегі ерінің де жағдайын жасаған сүйікті жар, ақ жаулықты ана биыл 74 жасқа келіп, балалары мен немерелерініңқуанышына кенеліп отыр.

Қадірмендіқарттың бауырларының дені су шаруашылығында еңбек еткен атпал аза­маттар. Үлкен ағасы Аханбек су шаруашылығын­да еңбек етсе, Алтынбек мұғалім болды. Батырбек, Жарқынбек ағаларының жолымен гидротехник мамандығыменелгеқызметін сіңірді. Мұратбекавтомеханик. Әттең бауырлардыңүлкендері мәңгілік сапарға кеткеніұрпақтарының жанына аяздай батады. Дегенмен «орнында бар оңалар» демекші, әулеттіңұрпақтарыәке салған ізбен жүріп, өнегелі ісін жалғастырып келеді.

Бүгіндеұлынұяға, қызынқияғақондырған Ақылбек ағаның 5 баласының барлығы бір-бір мамандық иесі. Талғат, Ләззат пен Жанат кәсіпкер, Гүлзат пен Мейрамкүл медицина саласында. Келіні Жанна бала бақшада. Қадірліқариялар 10 немере сүйді.

Өнегеліөмір иесі Ақылбек Баджановтың елге сіңірген еңбегі мен адамгершілікқасиетіұрпағының жадында мәңгі жаңғырары сөзсіз.


Бибісара ЖАНӘЛІ
28 қыркүйек 2024 ж. 126 0