Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз – болашақтың шамшырағы

Ұстаз – болашақтың шамшырағы

Ұстазболашақтың шамшырағы. Олар бізді білім нәрімен сусындатып, өмірге дұрыс бағыт-бағдар береді. Ұстаздың еңбегі тек білім беру ғана емес, ол әр баланың жүрегіне ізгілік ұялататын тұлға. Мұғалімбаланың тек сабақ үйренетін емес, өмір жолында кездесетін түрлі қиындықтарды еңсеруге көмектесетін бағыттаушысы, тәрбиешісі.

Әрқайсымыздың өмірімізде өзімізді рухани тұрғыда дамытып, ақыл-ойымызды жетілдіруге септігін тигізген мұғалімдер бар. Олар бізге тек пәндерді үйретіп қана қоймай, өмірлік құндылықтарды да бойымызға сіңіреді. Мектеп қабырғасында алған білім, ұстаздың айтқан ақылдары өмір бойы біздің санамызда сақталып, болашақта түрлі жетістікке жетуімізге көмектеседі.

Мұғалімдердің еңбегін бағалаубарлығымыздың міндетіміз. Олар күн сайынөздерінің уақыты мен күш-жігерін сарп етіп, болашақұрпаққа сапалы білім беру жолында аянбай еңбек етеді. Әр сабақтың артында үлкен дайындық, жанашырлық және жауапкершілік тұр. Мұғалімдердің төзімділігі мен шыдамдылығы, оқушыларға деген қамқорлығы орасан зор. Олар әр баланың қабілетін аша білуімен, сенімділік пен табандылыққа тәрбиелеуімен ерекше.

Ұстаздарға алғыс айтужүрек төрінен орын алатын сезім. Бізге білім беріп, өмірдің мәнін түсінуге, қиындықтарға мойымауға үйреткені үшін әр бір мұғалімге шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Олар біздің болашағымызды жарқын ету үшін еңбектенуде. Сол үшін де ұстаздарға алғысымызды білдіреміз!

Гүлсезім РЫСДӘУЛЕТОВА,
132 Т.Айтбаев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы
Фото: farabishakirti.kz
28 қыркүйек 2024 ж. 237 0