Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жастарды өнерге баулыған Аруна

Жастарды өнерге баулыған Аруна

Клуб әдіскері Аруна Ізімбет – білікті маман. Ол осы жа­уапты жұмысы талап ететін еңбекқорлық, бейімділік және тиянақтылық қасиетін бойына сіңірген. Жастайы­нан өнерге жақын болып өскен Аруна алдына кәсіби маман болуды мақсат етеді. Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж­де «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша білім алып, алғашқы еңбек жолын С.Сейфуллин ауылындағы клубта бас­тайды.

Клубтағы асқан кәсіби шеберлікті қажет ететін қызметтің басында тұрған маман ауылдағы жас таланттарды іздеп, табуға күш салып, жаңа идеяларымен жұмыс сапасын жақсартуға күш салуда. Үнемі ізденіс үстінде жүретін әдіскер өз еңбегінің арқасында тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдай түсуде.

–Қай мамандық иесі болсаңызда әрдайым оқуды, дамуды жалғастыру керек. Ізденуді тоқтатсаңыз, әдіскер болуды тоқтатқаның. Өз мамандығымның шыңына жетуге талпынып, ауылдағы жас талантты балалармен бірге еңбегіміздің нәтижесін көрсек деген мақсат бар. Ауылда дарынды, жан-жақты адамдар көп. Жастың арасында да, ауыл тұрғындарының ішінде де небір таланттылар бар. Оларды клубқа шақырып, бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек берсек, ауылымыздың аты республикаға дейін танылады. Қазір біз осы бағытта жұмыс жасап келеміз, – дейді Аруна Шахзатханқызы.

Шығармашылық ізденісті жаны сүйетін әдіскер соңғы сегіз жылдан бері шығармашыл жас таланттарды дамытумен қатар өзі де шығармашыл тұлға болып қалыптасуға барын салуда. Ауылда, ауданда өтетін мәдени көпшілік іс-шараларға қатысып, ұлттық тәрбиені жастардың бойына сіңіруді насихаттап келеді.

Иә, әдіскер – сараптаушы, әдістемелік тұрғыдан көмек ұсына білетін адам, тәжірибелі маман. Танымдық, интеллектуалдық тұрғыдан өзін дамыта білген маман. Сонымен қатар ол өзінің тәрбиеленушілеріне ұстаз болып, нағыз талантты тұлға болып қалыптасуына шамшырақ іспетті.

–Негізінен мен Шиелі ауданы Бала би ауылында дүниеге келдім. 1997 жылдың тумасымын. Ауылдағы мектепте білім алып, колледжде оқыдым. Ауылдық клуб үйіндегі «Жас қалам» үйірмесін жүргіземін. Аудандық, аймақтық байқауларға үйірме мүшелерін қатыстырып отырамын. Қандай да бір байқау болмасын, ол шығармашылықты шыңдап, өнерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Әдебиетке, өнерге жақын жастар өте көп. Оларға жан-жақты бағыт беріп, әдістемелік көмек көрсету менің міндетім, – дейді әдіскер.

Аруна Ізімбет жұмыс барысында іс-қағаздарды жүргізу, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және жастармен жұмыс жасауда өзін жан-жақты екенін көрсетуде. Жаңа технологияларды меңгеруі, онымен жұмыс жасап ұйымдастыруда алғырлығын да әріптестері жоғары бағалайды. Ауданда өтетін іс-шараларға қатысып, өнерін көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға араласып отырады. Оның бұл белсенділігі алғаш клубқа келген жылдан басталды. Өнер иесі аудандық патриоттық әндер байқауында бірнеше рет дараланып шықты. «Ұмытылмас әндер-ай» атты ретро әндер орындаушылар байқауында да өнері ерекше бағаланды. «Ел қорғаны – ерлерім!» атты әскери патриоттық әндерді орындаушылардың облыстық байқауының аудандық іріктеу кезеңіне де қатысты. Арунаның көркем сөз оқудағы шеберлігін Қазақстан және КСРО халық әртісі, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Сәбира Майқанованың 105 жылдығына арналған «Сәбира апа ізімен» атты монолог орындаушылар арасында өткізілген аудандық байқауда қазылар алқасы жақсы бағалады. Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақтың батыр қызы Әлия» атты аудандық патриоттық ән байқауында, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Б.Төлегенованың 90 жасқа толуына орай өткен «Көктем вальсі» атты ән байқауында да марапатталды. Сәбира Майқанованың 105 жылдығына арналған «Театр анасы – Сабира» атты драма үйірмелерінің облыстық байқауының аудандық іріктеу кезеңіне «Драма» үйірмелерінің мүшелері қатысып, әдіскердің мерейі үстем болды.

Мәдени іс-шараларға жан-жақты дайындықпен барып, қатысу үлкен еңбекті, ізденісті қажет етеді. Ал байқаудан суырылып, алға шығу сол еңбектің нәтижесі. Аруна Ізімбет ауданда өтетін іс-шараларға да қатысып, оның әншілігі де бағаланған өнер иесі. «Жеңіс әндері, көктем әуендері», «Нағыз батыр, ер Нағи», «Көзімнің қарасы», «Ұлы даланың – ұлы ақыны» атты мәдени қызметкерлер арасында Абай әндерінен аудандық онлайн байқауы, «Мен қазақпын», «Ерлігі мен елдігін танытқан ел», «Ұрпақ ұлықтаған – Ата Заң», «Самға, жұлдыз» атты ән үйірме жетекшісі мен шәкірттері арасындағы аудандық байқауы, «Ауылым – алтын қазынам» атты ұмыт болған салт дәстүрлерінен облыстық онлайн өнер фестивалі Арунаның қолтаңбасы қалған байқаулар.

Қазақ КСР-нің халық әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Латиф Хамидидің 115 жылдығына орай «Қазақ вальсі» атты аудандық кәсіби ән орындаушылар арасында ән байқауы, «Жеңіс әндері, көктем әуендері» атты аудандық онлайн ән байқауы, «Тәуелсіздік айбары, тұғырлы болсын байрағым» атты аудандық онлайн патриоттық ән орындаушылар байқауы, Ғ.Жанұзақов атындағы ауылдық клубының ұйымдастыруымен өткізілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты аудандық онлайн патриоттық әндер байқауына қатысып, еңбегі бағаланып, марапатталды.

Алдына қойған мақсаты мен арманы бар өнер иесіне шығармашылық шабыт тілейміз!

Бибісара ЖАНӘЛІ
17 қыркүйек 2024 ж. 229 0