Білім саласы қызметкерлерімен кездесті
– «Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл - «Халық үніне құлақ, асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа коғамдық - саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда, бүгін аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Есназар Алмас Зейнуллаұлы аудандағы білім беру ұйымдары қызметкерлерімен кездесіп, алдағы болатын референдум мақсаты түсіндірілді.
Кездесуде қатысушылар жалпыхалықтық Референдум өтуіне қолдау білдіретіндіктерін айтып, ой-пікірлерін ортаға салды.
Қорытындылай келе, барлық қатысушылар алдағы референдумда өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіреді деген ортақ пікірге келді.