Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Сенат депутаты ауылшаруашылық саласы өкілдерімен кездесті

Сенат депутаты ауылшаруашылық саласы өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша Сенат депутаты М.Бақтиярұлы Н.Ілиясов ауылындағы «Мағжан и К» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.

Сенат депутаты егіншілерге алда келе жатқан рефердумды қолдаудағы ақпараттық-насихаттық жұмыстармен таныстырып шықты. Мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі пайда болып, елдегі саяси ахуалға жаңа леп болатын Конституциялық Референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілмек. Бұл Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асыуының бірден-бір дәлелі.

Жаңартылған Заң аясында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекітуі – елдегі саяси партиялардың тең дәрежеде бәсекеге түсіп, демократиялық үдерісті үдете түсетіні сөзсіз – деді М.Бақтиярұлы.

Айтулы шараға қоғам қайраткері, журналист – дипломат Е.Уәйіс, ҚР «Еңбек Ері» А.Ералиев, облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудандық мәслихат депутаттары Е.Әжікенов, Д.Ералиев және Е.Жақып қатысты.
24 мамыр 2022 ж. 493 0