Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетістік – оқушы мен ұстаз мерейі

Жетістік – оқушы мен ұстаз мерейі

Жыл бойына мектеп мұғалімдері мен оқу­шылары аудандық білім бөлімінің ұйымдас­ты­руымен өткен байқауларға, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Кәсіби байқауларда Әділбек Әлиев, Қайрат Есекеев, Ақмарал Әбжаппарова, Айзат Жалғасбекова, Әйгерім Әбдірахман жеңімпаз атанған ұстаздар.

2023-2024 оқу жылында 1-11 сыныптар бойынша түрлі байқаулар мен конкурстарға барлығы 100-ге жуық оқушы қатысып, барлығы жүлделі орындар алды. Облыстық «Мамандықтар әлемін ашамыз» байқауында Жанерке Сайлау мен Кәусар Кенжебекқызы, жетекшісі А.Жалғасбекова үшінші орын алса, «Алтын қазына» атты облыстық байқауда Нұрай Бердібекова екінші, Аяна Тыным, «Бояулар құпиясы» байқауынан Кәусар Бердібекова, жетекшісі С.Байымбетова үшінші орын алды. «Менің Отаным – Қазақстан» атты байқауда бақ сынаған Кәусар Жұмабек, жетекшісі А.Тұрсынбаева да үшінші орын тұғырынан көрінді. Республикалық «Табиғатты аяла!» байқауында Кәусар Кенжебекқызы, жетекшісі Ф.Бодыбаева бірінші орын алып ұстазының мерейін асырды.

Сондай-ақ республикалық жалпы білім бере­тін пәндер бойынша ғылыми жобалар бай­қауына Нарқыз Әбжаппарова, Жанель Жанбаева, Инабат Ізбасқанова қатысып, бар­лығы жүлделі орындарға ие болды. 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» респуб­ликалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңіне Раяна Байтүгелова, Айару Итемірова, Айару Сайлау, Аруназ Сайлау, Іңкәр Құдайберген, Мерейлім Алтынбек, Жібек Мутталаб жетекшілерімен бірге жүлделі орын алып, жетістікке жетті.

2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша және ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 12 оқушы жүлдегер атанды. Олимпиаданың облыстық кезеңінде Дидар Мейірханұлы, мұғалімі Г.Ділдабаева, Жанель Жанбаева, мұғалімі Г.Тоқтамысова, Жәмила Әбсаттарқызы, мұғалімі А.Тұрсынбаева, Инабат Ізбасқанова, мұғалімі Ж.Жаздауқызы жүлделі орын алса, Жанель Алмасбек, мұғалімі А.Ибрагимова Алғыс хатпен марапатталды.

Өткен оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен түлектердің 15-і білім грантын иеленді. Олар педагогикалық, техникалық, ауыл шаруашылығы және құқық бағытын таңдады.

Бибісара ЖАНӘЛІ
10 қыркүйек 2024 ж. 91 0