Жетістігі көп білім ордасы
Ауылды мектепсіз елестету мүмкін емес. айдарлы ауылындағы мектепті жетістігі көп білім ордасы десек артық айтқандық емес. бүгінде алтын ұяда барлығы 56 мұғалім қызмет атқаруда. Олар ауыл балаларының сапалы білім, саналы тәрбие алуына өз үлестерін қосып келеді.
Ауыл мектебінің директоры Гүлбану Смайлованың айтуынша, мектептің іргетасы 1985 жылы қаланып, сол жылы пайдалануға берілген екен. Бүгінде білім ұясында 370-ке жуық оқушы білім алуда. Мектептегі 56 мұғалімнің 52-і жаңартылған білім беру мазмұны бойынша арнайы курстан өтіп, біліктілігін арттырған. Оның ішінде аттестацияның жаңа ережесі бойынша 8-і педагог зерттеуші, 11-і педагог сарапшы, 11-і педагог модератор санатын алыпты.
– 1-4 сыныптар арасында кезекші топтардың саны 10 және мұнда 147 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда 5-11 сынып оқушылары, яғни 222 бала қашықтан білім алуда. Былтырғы 2019-2020 оқу жылында 11-сыныпты 8 оқушы бітірді. Олардың ішінде 3 оқушы ҰБТ-ға қатысып, орташа балл 80,2 құрап, барлығы мемлекеттік грант иегері атанды, – дейді мектеп директоры.
Алтын ұяның жетістігі көп. Ұстаздар озат шәкірттерін мақтаныш санайды. Мектептің соңғы бір жыл көлеміндегі жетістіктерінің бірқатарын ғана жазуды жөн көрдік. Алдымен ұстаздардың бағындырған белестерін айталық. Былтыр Жасұлан Тайғараев «Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік мұғалімі – 2019», Нұрболат Рсимов «Үздік өлкетанушы – 2019» аудандық байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленіпті. Ал, «Үздік оқу ісі жөніндегі орынбасар – 2019» байқауында Аманкүл Оспанова ІІ орынмен марапатталған. «Ұлы даланың – ұлы өркениеті» атты қолөнер шеберлерінің көрмесінде Нұргүл Аханова мен Палкүміс Бахадүроваға Алғыс хат берілген. Сондай-ақ педагогикалық идеялардың облыстық фестивалінде жоба қорғаған Әсия Рахменқұлова да аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатын» иеленген. Жұлдызай Накипова да республикалық байқаулардың облыстық кезеңінің жүлдегері. Алтын ұяда осындай жетістігі көп шығармашыл ұстаздардың қарасы қалың. Мұның бәрі ұжымдағы бекем бірліктің, көркем тірліктің жемісі және білім биігіне ұмтылған ұстаздар еңбегінің нетижесі.
Аудан орталығынан алыс ауылдағы оқушылар да осал емес. 10-сынып оқушысы Батырхан Мұхаммед Салих «Яссауитану» аудандық байқауында ІІ орын иеленген. Ринат Сағатұлы пен Дидар Болатбек ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде жүлделі ІІ орынмен марапатталған. «Алтын қазына» байқауының аудандағы жеңімпазы Ақжүніс Тәжібай облыстық деңгейдегі іс-шарадан ІІ орын алып, ұстаздар сенімін ақтаған. Оқушылар арасындағы олимпиада қорытындысында Гүлнұр Нұридин мен Қарақат Ыдырыс дипломмен марапатталса, Гүлнұр Әлайдар ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде ІІ орынды жеңіп алған. Ал, Әсем Қали жас тарихшылар арасындағы «Менің кіші Отаным» аудандық байқауында ІІ орын, Жансая Төлеген суретшілердің аудандық көрмесінен І орын еншілеген. Атап өту керек, республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне №139 орта мектебінен қатысқан 12 оқушының 6-ы жүлделі орындарға ие болған. Мұнан бөлек «Зерде» республикалық ғылыми жобалар байқауына Гүлсезім Қазбек, Нұрислам Аманкелді, Назым Сұлтанбай есімді оқушылар қатысып, жеңімпаз атанған.
Шағын мақалада ұстаздар мен оқушылардың барлық жетістіктігін қамту мүмкін емес. Біздің бір жыл көлеміндегі жетістіктерден түйгеніміз, мектептің білім саласындағы өзіндік орны бар екен. Алдағы уақытта да мектептің ұсынысымен мақалалар жазуға дайынбыз. Қорыта келе, жетістігі көп мектептің жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

Б.Жанәлі