Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Бірлескен отырыста бірнеше мәселе қаралды

Бірлескен отырыста бірнеше мәселе қаралды

Аудандық партия филиалының жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихаттағы партия фракциясы мен аудандық партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Бірлескен отырысқа аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ж.Ембергенов, фракция және партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, партия филиалының қызметкерлері, тиісті сала басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Бірлескен отырыстың күн тәртібінде төмендегі 4 мәселе қарастырылды:

1. Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Л.Мығымбаеваның есебін тыңдау;

2. «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасындағы 2024 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы бойынша Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының есебін тыңдау.

3. Айдарлы ауылдық округінің әкімінің сайлаушыларға берген уәделерінің орындалуы бойынша есебін тыңдау

4. С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімі Б.Қыдырбаевтың атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдау;

Күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң, хабарламашылардың есебі тыңдалып, отырысқа қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап қайтарылды. Бірлескен отырыс қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.
27 тамыз 2024 ж. 89 0