Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіби аурулардың алдын алу

Кәсіби аурулардың алдын алу

Кәсіби аурулар-белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен пайда болатын ауру.

Кәсіптік аурулар кәсіпорындардағы санитариялық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл әсерінен, еңбек және демалыс тәртібінің бұзылуынан, жұмысшылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақталмауынан пайда болады. 

Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады.

Кәсіптік аурулардың жедел және созылмалы түрлерге бөлінеді. Жедел кәсіптік ауру-бұл әдетте қызметкерге зиянды өндірістік факторлардың бір реттік бір жұмыс күнінен, бір жұмыс ауысымынан аспайтын әсер етуінің нәтижесі болып табылатын, кәсіптік еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға әкеп соққан ауру.

Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15-20 мин), техникалық шараларды іске асыру-кәсіби аурулардың санын азайтуға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін жұмысшыларды уақытылы медициналық тексеруден өтуі қажет. Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі  және мерзімділігі ҚР ДСМ-нің «Алдын ала медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен айқындалған.

Кәсіптік аурулардың алдын алуда жеке қорғаныш құралдарын пайдалану.
Марина ЕРІМБЕТОВА,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы
Фото:ашық дереккөзден
23 тамыз 2024 ж. 113 0