Дәрігерлер кеңесін орындаған дұрыс
Медицинада емдеудің түрлі салалары және аурудың көп атаулары бар. Мәселен, олигофрения (ақыл-ойдың кемістігі) – туа біткен және туғаннан кейін пайда болған адамдағы ауытқушылық. Мұны емдеу мен мұндай дертке шалдыққан науқастармен жұмыс істеу кәсіби білімді талап етеді.
Ақыл-ойдың дамымауы көп жағдайда тұқым қуалайды. Бұл дерт анасы жүкті кезде күтінбегендіктен болуы да мүмкін. Мұны психикалық ретардация, ақыл-ой мешеулігі, кемшілігі, дамымауы және психикалық жалпы дамымаушылық деп қарастыруға болады. Олигофренияның әр түрлі этногенездік механизміне байланысты клиникалық қызметтің жетіспеуі салдарынан әртүрлі аурулар бір топқа біріктіріледі. Олигофрения кезінде орталық нерв жүйесінде, ми, сүйек, тері, ішкі секреция бездерінде, жүрек пен қантамырлар жүйесінде дизонтогенез болады. Бұл өзгерістер Даун ауруында, диостоздарда, микроцефалияда кездеседі.
Психикалық дамуы бұзылған баламен жұмыс істеу отбасыға да, дәрігерлерге де оңай емес. Нақты мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты көп қиындықтар кездеседі. Емделуі де ұзақ мерзімді алады, түрлі шаралар қолданылады. Науқас баланың тағдырына ата-анасы секілді медицина мамандары да алаңдайды. Сондықтан тағайындалған ем-домды уақытылы алып, стресстік әдеттерден арылып, сабыр сақтап, дәрігерлер кеңесін орындаған дұрыс.
Арнайы шараларды жүзеге асыру үшін ауру балаларды іріктеп, балалар үйіне, балабақшаға, қосымша мектептерге, арнайы кәсіптік-техникалық училищеге, интернаттарға ауыстыру қажет. Осы мекемелер медико-педагогикалық консультациялар атқарады. Онда ауру балаларды еңбекке үйретеді. Аурудың кейбір түрлерінде патогенетикалық емдеу, аурудың белгісіз түрлерінде арнайы емес әртүрлі әдістер қолданылады. Медико-генетикалық консультациялар өткізу де ұсынылады. Бұл консультация арқылы аурудың диагнозын қойып, емдеу шараларын белгілеп, ақыл кемістігі бар балалар тууының алдын алуға болады. Бұл дертпен күрестің ең тиімді жолы. Баланы өмірге әкелуді немесе жүктілікті тоқтатуды ата-анасы шешеді.
Жұлдызай Ілиясова,
Қызылорда облыстық психикалық
денсаулық орталығының
амбулаторлық дәрі-дәрмекке
жауапты мейіргері
Қызылорда облыстық психикалық
денсаулық орталығының
амбулаторлық дәрі-дәрмекке
жауапты мейіргері