Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұқпалы аурулардың алдын алыңыз

Жұқпалы аурулардың алдын алыңыз

Зардапты вирустардың организмге еніп, онда өсіп-өніп, өмір сүру салдарынан туатын ауруларды жұқпалы аурулар деп атайды. Ол бактериялардан және жанды денелерден пайда болады. Олар организмге аса зиянды. Жұқпалы ауруларды кейде инфекция деп те атайды. Ел арасында көп тараған аурулардың бірі осы жұқпалы аурулар. Нақты кезеңде олар ең қауіпті аурулардың бірі болып саналды.

Айта кетейік, жұқпалы аурулар әр түрлі жолдармен тарайды. Оның едәуір бөлігі ауа-тамшылы жұқпалылар тобына жатады. Бактериялар тудыратын сырқаттарға – күл ауруы, көкжөтел, туберкулез, қызамық менингококтық жұқпа, гемофильді жұқпа және т.б. жатады. Бұған қоса, вирус қызылша, қызамық, ЖРВИ және тұмау.

Жұқпалы аурулардың көбісі адамдармен тікелей байланыс кезінде ауа тамшысы арқылы тарайтыны анықталған. Ауа тамшысы жұқпалары температураның жоғарылауынан, тамақтың жыбырлауы, мұрынның бітуі, жөтел, бас ауруларынан, жалпы әлсіздіктен басталады. Ал қызылша, қызамық сияқты инфекцияларда тері қабатында бөртпе пайда болады. Ауа-тамшы инфекцияларының алдын алу спецификалы және спецификалы емес болуы мүмкін.

Ауа-тамшы жұқпаларының алдын-алудың ең тиімді тәсілі – вакцинациялау. Пневмококты, менингококты және гемофильді инфекцияларға, тұмауға, көкжөтелге, күл-ауруына, қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, туберкулезге қарсы иммундау профилактикалық егудің ұлттық күнтізбесінде белгіленген. Мәселен, балаларға екпелердің көпшілігі бала жасында жүргізіледі. Ал тұмауға қарсы вакцинациялау барлық халыққа ұсынылған. Ең алдымен жұқтыру және ауыр асқынулары бар ауру қауіп-қатер топтарына екпе жүргізіледі. Сонымен қатар, балаларға, қарт кісілер мен әлсіреген адамдарға, созылмалы сырқаты бар науқастарға, педагогтар, медицина қызметкерлеріне, қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне екпе жүргізіледі.

Егер отбасында науқас болса, оған күтім жасалып, жеке ыдыс-аяқ, сүлгі бөлінуі тиіс. Күтім заттарын жиі ылғалдап, тазалық шарасын жүргізіп, бөлмені желдетіп отыру қажет. Науқас адаммен қарым-қатынас жасау кезінде тыныс алу органдарын маска немесе орамал арқылы қорғау керек. Тұмауратқан кезде және ЖРВИ-мен ауру жоғарылаған кезеңде адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн. Қолды сабынмен жиі жуу – тек ішек инфекцияларын ғана емес, сондай-ақ, тамшы жұқпалары ауруларды төмендететіндігі дәлелденген. Мұндай жағдайда тез арада дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал.

Ұлжан НҰРБАЕВА,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
басқармасының бөлім жетекшісі
24 ақпан 2022 ж. 364 0