Өнімнің қауіпсіздігі – денсаулық кепілі

Кез-келген тауарларды зерттеу 3 түрлі көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Біріншісі, микробиологиялық сәйкессіздік, бұл әртүрлі микроорганизмдер ластанған, адам өміріне қауіпті өнім. Екіншісі, санитарлық – химиялық, бұл өнім құрамы сыртында жазылған таңбасына сәйкес келмеуі. Үшіншісі, таңбалануының дұрыс болмауы. Мысалы: сынаманың таңбалануында мемлекеттік тілде мәліметтердің болмауы немесе ЕАС таңбасының болмауы. Осы үш қағиданы барлық тұтынушы білуі тиіс.
Жалпы өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында сәйкессіздіктер өнімнің таңбалануына байланысты орын алуда. Сондықтан таңбалану бойынша тұтынушы нені білуі керек?
1-ші Тағамның атауы. Тағамды сатып аларда оның атауына ерекше мән беру керек.
2-ші Тағам өнімінің құрамы. Өнімнің құрамындағы заттар.
3-ші Салмағы мен көлемі.
4-ші Өнімнің дайындалған күні,
5-ші Жарамдылық мерзімі,
6-шы Сақтау шартары
7-ші Өндіруші туралы мәліметтер
8-ші Қолданылуы бойынша нұсқамалар,
9-шы Тағам өнімінің құндылығы туралы ақпарат,
10-шы Құрамында ГМО бар немесе жоқ екендігі туралы мәлімет,
11-ші ЕАС белгісі. Бұл белгі «Еуразиялық сәйкестік» дегенді білдіреді. Және тағам өнімдерінің таңбалануында мемлекеттік тілде ақпараттың болуы. Сондай-ақ заттаңбада қосымша мәліметтер болуы мүмкін.
Бақыткүл РЫМОВА,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы
Фото:ашық дереккөзден