Өнім қауіпсіздігі - саулық негізі

Біздің мақсатымыз тұтынатын азық-түліктер мен тауарлармен техникалық реттеу талаптарына сәйкес келуін қадағалау. Кез-келген тауарларды зерттеу 3 түрлі көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Біріншісі, микробиологиялық сәйкессіздік, бұл әртүрлі микроорганизмдермен ластанған, адам өміріне қауіпті өнім. Екіншісі, санитарлық-химиялық, бұл өнім құрамы сыртында жазылған таңбасына сәйкес келмеуі. Үшіншісі, таңбалануының дұрыс болмауы. Мысалы: сынаманың таңбалануында мемлекеттік тілде мәліметтердің болмауы немесе ЕАС таңбасының болмауы. Осы үш қағиданы барлық тұтынушы білуі тиіс.
Жалпы өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында сәйкессіздіктер өнімнің таңбалануына байланысты орын алуда.
Таңбалану бойынша тұтынушы нені білуі керек?
Тағамның атауы. Тағамды сатып аларда оның атауына ерекше мән беру керек;
Тағам өнімінің құрамы. Өнімнің құрамындағы заттар;
Салмағы мен көлемі;
Өнімнің дайындалған күні;
Жарамдылық мерзімі;
Сақтау шарттары;
Өндіруші туралы мәліметтер.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото:qazaqstan.tv