«А» вирусты гепатитінің алдын алу

А вирустық гепатитінің алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинациялау. Сондай-ақ қарапайым шараларды сақтау арқылы да аурудың алдын алуға болады:
– жеке бас гигиенасы қағидаларын қатаң сақтау, тамақтану алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен жуу;
– жеміс жидектерді пайдалану алдында тазалап жуу;
– белгісіз су көздерінен қайнамаған суды ішпеу;
– санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі рұқсат еткен су айдынында ғана шомылу;
– білім беру объектілерінде санитариялық-гигиеналық, дезинфекциялық талаптарды қатаң сақтау.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: medqaz.com/