Картоп ең пайдалы тағамдар тізіміне ілікті
Картопты әдетте пайдасыз тағамдар қатарына жатқызамыз. Алайда Джеймс Хаттон Институтының профессоры Дерек Стюарттың зерттеуіне сәйкес, бұл өнім туралы түсінікті теріске шығаруға болады. Оның айтуы бойынша, адам бір картопты тұтыну арқылы да өмір сүре алады екен.
Зерттеу қорытындысына сәйкес, картоп В9, В6, С дәрумендеріне, минералды заттарға, каротиноидтарға және полифенолдарға бай келеді. Мұнда жасұнықтың көп мөлшері бар екендігі туралы да ұмытпаған абзал. Өз тұтынатын тағамдарыңыздың ішінде еттің орнын картоп және көкністермен алмастырсаңыз, жүрек ұстамаларының алдын алуға болады. Сонымен қатар картоп қарт адамдардағы тілдесу қабілетін арттыра түседі деген болжам да бар.
Оның ішінде ең пайдалысы – картоптың сыртқы қабығы болып есептеледі. Ал минералды заттар дайындау тәсілінің түрлілігіне қарамастан (пюре, бұқтырылған немесе қайнатылған картоп) картоптың құрамында сақталып отырады.
Бұған қоса, өзге өнімдерге қарағанда, картопта көмірсу мөлшері анағұрлым жоғары болып келеді. Алайда сарапшы мамандар семіздікке шалдығуы мүмкін болғандықтан, картоп фриларын тұтынуды шектеуге кеңес береді.
http://orthodox.od.ua