Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Картоп ең пайдалы тағамдар қатарынан орын алды

Картоп ең пайдалы тағамдар қатарынан орын алды

Әдетте картопты пайдасы жоқ тағам ретінде есептеп келдік. Алайда Джеймс Хаттон институтының профессоры Дерек Стюарт зерттеулері бұл түсінікті жоққа шығарды. Оның айтуы бойынша, адам картопты тұтынумен ғана өмір сүре алады.



Сараптама нәтижесі картоптың дәрумендерге (В9, В6, С дәрумендері), минералды заттарға, каротоноидтар мен полифенолдарға бай екенін көрсетті. Сондай-ақ оның құрамында жасұнықтың көп мөлшері бар екенін де естен шығармаған абзал.

Өзіңіздің күнделікті ас үлесіңіздегі еттің орнын көкөніс немесе картоппен алмастырсаңыз, жүрек талмасы ауруы қаупін азайтуыңыз мүмкін. Сонымен қатар картоп қарт адамдардағы когнитивті қабілетті күшейтетіндігі туралы да пікір бар.

Картоптың қабығы жоғары қоректік құндылыққа ие. Ал құрамындағы минералды заттар дайындаудың қай тәсілі болмасын (картоп пюресі, пісірілген немесе қайнатылған), өз құнарлылығын жоғалтпайды.

Бұған қоса, көмірсу мөлшері өзге көмірсуы бар өнімдермен салыстырғанда, картопта көбірек кездесетіндігі де ерекше құбылыс. Алайда сарапшылар семіздікке шалдығу қаупінің жоғарылығын есепке ала отырып, картоп фриын аз тұтынуға кеңес береді.

Дереккөз: http://www.orthodox.od.ua
11 мамыр 2018 ж. 1 852 0