Шаруашылықтар заманауи құрылғыларды қолдануда
Қазіргі технология дамыған кезеңде барлық салада оң серпін бар. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы құрылымдары соңғы кезеңде дәстүрлі егін егуден заманауи технологияға бет бұруда. Мұның шаруашылық шығынын азайтуға септігі зор және егіннің мол болуына да ықпалы көп.
Биыл жыл басында облыс шаруаларының егін науқанына байланысты жылдағыдай «Алтын дән» іс-шарасы өтіп, онда егін егуде және оларға тыңайтқыш беруде шаруаларға көмегі көп құрылғылар таныстырылған болатын. Оның қатарында дән себуге, тыңайтқыш себуге арналған дрондар бар болатын. Бүгінде аймақтың шаруалары осы дронның игілігін көре бастады. Олардың қатарында «Қызылдихан», «БАҚ», «Нұрбек» шаруа қожалықтары бар.

Негізі, облыста ауыл шаруашылығына қатысты жаңа технологияларды, оның ішінде дрондарды алғаш болып бірқатар шаруашылықтар ғана жұмыс барысында қолдана бастады. Олардың қатарында — аталған шаруашылықтар бар. Бүгінде 2 дана дронды сатып алып, қолданып үлгірді.
– Шаруа қожалықтар жұмысы жүйелі жүргізілуде. Біз бұған дейін барлық техникаларды жаңартып, қызметкерлерге жағдай жасап келеміз. Шаруашылықтарды дамыту үшін жаңа технологияларды қолдануды назардан тыс қалдырған емеспіз. Соған байланысты егін барысында арамшөптермен күресу үшін оларға қарсы себілетін гербицидті дрон сатып алып, қолдана бастадық. Инновациялық құрылғының тиімділігі зор. Бұған дейін мұндай жұмыстарға арнайы ұшақтар жалдайтын едік. Қазір оған қажеттілік жоқ. Өйткені, дронмен кез келген уақытта жұмыстарды атқара береміз. Уақытты да үнемдейміз және тиісті жұмыстар атқарылады. Егін егу науқанында дән себу жұмыстарына да қолдануға болады. Сондықтан жаңа технологияны егін науқанында қолдана беретін боламыз, — дейді «Қызылдихан» шаруа қожалығының төрағасы Алданберген Құлбаев.
Иә, инновациялық жүйенің барлық салада тиімділігі бары рас. Ал бұл ауыл шаруашылығы саласына аса қажет. Міне сол мүмкіндікті шаруашылықтар қолдана бастады. Ал оның нәтижесі алтын күзде көрінеді.
Е.БЕРКІНБАЕВ