Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Орман және даланы өрттен қорғайық!

Орман және даланы өрттен қорғайық!

Көктем-жаз айларында қатты ыстықтан шөп қурап, өртену қаупі туатыны белгілі. Далалы алқаптардың, шабындық жерлердің және жайылымдық жерлердің өртке орануына адамдар да себепші болып жатады.

Орман, дала өрті – абайсыз жағылған от. Орман, дала өрті көбінесе құрғақшылық мезгілде, ерте көктемде және күзде болады. Адамдардың  далалық жерде демалып ашық отты пайдаланудағы аңғалдықтарынан. Орман және дала өрттерінің болуының ең көп себептері:

– Ауыл шаруашылық  қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан;

– сөндірілмеген шылым немесе сіріңке;

– күннің көзі түсетін жерге тасталған шыны сынығынан түскен күн сәулесінен жануы.

Қызылорда облысындағы құрғақ және желді климат, шөптесін өсімдіктердің көп болуы, дала өртінің тез өріс алуына мүмкіндік туғызады. Ауқымды емес дала өртін сөндіру үшін қажетті іс-шаралар желдің бағытын және өрттің таралу жылдамдығын анықтау, тұрғындарға ескерту, көмекке шақыру үшін жақын жердегі ауылға хабаршы жіберу, отты топырақпен көміп үстіне су құю, кішігірім отты таптау, өрт сөнгеннен кейін кетуге асықпай, қайта тұтанбайтынына көз жеткізу.

Егер өрт аумағында болсаңыз өзіңіздің күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, оның таралу бағытын, және шығу бағдарын анықтап құтқару қызметіне 101,112 номері арқылы хабарлаңыз.

Сіздерден табиғатта осы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана дала және орман алқаптарын өрттен сақтап қаламыз.

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлерінің жұмыс барысында әлдебір келеңсіз жағдайларды байқасаңыз, 21-4-94 сенім телефонына хабарлаңыздар.


Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
06 наурыз 2023 ж. 312 0