Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

№ 18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада студенттер үшін «Ашық есік күні» акциясы өтті

Қызылордада студенттер үшін «Ашық есік күні» акциясы өтті

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет студенттер үшін «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастардың бойында жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, құқықтық білімін арттырып, жемқорлық көріністеріне төзбеуге тәрбиелеу.

Іс-шара шеңберінде Департаменттің Превенция басқармасының аға офицері Ж.Жүсіпәлиев жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен таныстырып, «Antikor Ortalygy» сервистік орталығының жұмысын көрсетті.

Сондай-ақ, Департаменттің мәжіліс залында Кадр жұмысын ұйымдастыру тобының аға офицері Сарымбетова Қ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа қабылдаудың негіздемесі туралы айтты.

Бұдан бөлек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының еріктісі, комплаенс-офицер Ә.Жаппасбаев «волонтер» ұғымына жалпы түсінік беріп, олардың қоғамдағы орны мен маңызына тоқталды және студенттерді патриотты тұлға ретінде осы жобаға өз үлестерін қосуға шақырды.

Іс-шара соңында студенттерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

Өз кезегінде студенттер еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға қатысты қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Парасатты ұрпақты тәрбиелеу мақсатында аталған акция тұрақты негізде өткізілетін болады.
27 маусым 2024 ж. 334 0