Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Комплеанс-офицерлеріне практикалық оқыту жүргізілді

Комплеанс-офицерлеріне практикалық оқыту жүргізілді

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру шеңберінде комплаенс қызметкерлерін оқыту бойынша «Антикор-орталығында» семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тәжірибелі комплаенс-офицерлер жас мамандармен өз тәжірибесімен, практикалық жұмыс дағдыларымен бөлісті.

Іс-шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков Агенттік тарапынан бастау алған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жоба мақсаты - белсенді азаматтарды, бизнес өкілдерін, квазимемлекеттік сектор субъектілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке волонтер ретінде тарту болып табылатынын атап өтті. Спикер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және жобаға қосылу арқылы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жасауға үлес қосуға шақырды.

Қазіргі таңда облыстағы 50-ден астам квазимемлекеттік сектор ұйымдары жұмыс істейді, оларда 100% корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс қызметі құрылған.

18 тамыз 2023 ж. 198 0