Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы деген не?
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Тұраров Рашид Ғаниұлы кезекті кездесуін Сырдария ауданының колледж студенттерімен өткізді.
Алға қойылған мақсат – білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен студенттері арасында туындайтын сыбайлас жемқорлық факторлары, басқа да өзекті мәселелері жөнінде білім беру ұйымының өкілдері мен студенттеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру, құқықтық мәдениетті дамыту, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын таныстыру және жастардың ұсыныстарын тыңдау, пікір алмасу;
2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингтеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметі бойынша одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобаларды қамтитын 6 міндеттер блогы қамтылған.
Кездесу соңында Тұраров Рашид Ғаниұлы студенттерді парасаттылық, адалдық қағидаттарын ұстануға және жас ұрпақты кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау жөніндегі жұмысқа белсенді тарту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды.