Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тереңөзек кентінің сәулетті келбетін бірге қалыптастырайық

Тереңөзек кентінің сәулетті келбетін бірге қалыптастырайық

Тереңөзек кенті – ауданымыздың орталығы. Аудан орталығының сәулетті келбетін қалыптастыру – бәріміздің ортақ міндетіміз. Осы ретте сіздерге ауданның тұрғыны әрі аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде өз ойымды жеткізгім келеді.

Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары аудан орталығын абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Оны көріп те, біліп те отырсыздар. Кентіміз күннен күнге тазарып, көркейіп, гүлденіп келеді. Жаңадан жақсы ғимараттар бой көтеруде. Бірақ бір мәселе бар, ол – төрт түлік малдың қоршаған ортаны, негізгі көшелерді бүлдіріп, егілген ағаштар мен гүлдерді жеуі, бүлдіруі. Бұл мәселені бәріміз бірге шешуіміз қажет.
Аудан тазалығына мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінуде. Көшенің тазалығымен айналысатын тиісті мекеме ашылды, онда қарапайым жұмысшылар еңбек етуде. Олар өздеріңіздің аға-інілеріңіз бен апа-қарындастарыңыз. Олар күннің ыстығына, суығына қарамай еңбек етуде. Сол кісілердің еңбегін бағалауға шақырғым келеді. Ол үшін қорадағы малымызға еге болайық немесе малды арнайы фазендада бағуды қолға алайық. Тереңөзек күннен күнге көрікті қалаға айналсын десеңіздер, аудан орталығының тазалығына бірігіп атсалысайық.

Маратбек Еспенбетов,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы
22 маусым 2024 ж. 93 0