Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының орынбасары Құралай Омарова аудандағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы арнайы брифинг өткізді.
Брифинг барысында «Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» мәселесі бойынша Сырдария ауданындағы атқарылған жұмыстар туралы Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау басқарма басшысының орынбасары Құралай Омарова айтып берді.
«Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» мәселесі бойынша Сырдария ауданындағы атқарылған жұмыстар:
1) «Жалын» сауықтыру лагері» басшылығымен жазғы сауықтыру маусымына дайындық бойынша, СЭҚ алуға өтінімдерді рәсімдеу бойынша жедел түрде семинар, кеңестер өткізу бойынша «Жазғы маусымда балалардың демалысын, сауықтыруды тиімді ұйымдастыру» тақырыбында 23.04.2024 жылы аудан орталығындағы №35 И.Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп-лицей базасында ауқымды семинар ұйымдастырылып, өткізілді;
2) «Жалын» сауықтыру лагері» қызметіне, о. і тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге (маусымдық лагерь асханасына жыл сайын) СҚ талаптарының сәйкестігіне СЭҚ алу бойынша: Сырдария ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жалын» сауықтыру лагері» МКҚК-нынан 21.05.2024ж. №KZ84RYS00637992 санды өтініш бойынша заңда белгіленген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп, 31.05.2024 жылы № N.05.X.KZ43VWF0071753 санды санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді және лагерь 2024 жылғы 1 маусымнан бастап ашылып, жұмыс жасауда;
3) Сауықтыру науқаны алдында лагерь әкімшілігі ауыз су мен жабық бассейндер мен жағажайлардан санитариялық - химиялық, микробиологиялық, вирусологиялық зерттеулерге су сынамаларын; паразитологиялық көрсеткіштерге құм, топыраққа зерттеу жүргізуді және зертханалық хаттамалары алынды, хаттамалары тіркелді;
4) Инженерлік желілердің, желдету, ауа баптау, технологиялық-тоңазытқыш жабдықтардың жұмыс істеу тиімділігін тексеру, ахауларын қалпына келтіру, сумен жабдықтау желілерін профилактикалық жуу, дезинфекциялауы қорытынды беру кезіндегі тексеруде қадағаланды;
5) «Жалын» сауықтыру лагерін, о. і ас блогын әрбір сауықтыру ауысымы алдында санитариялық талаптарға сәйкес ретке келтіруде жергілікті атқарушы органдар мен білім бөлімдерімен жұмыс жасалынды;
6) Жазғы сауықтыру кезеңінде балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша аудандық білім, денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлескен «Жазғы сауықтыру кезеңінде балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша» 04.05.2024ж. №43-НҚ, 184-Ө, №89-Ө бұйрығы бекітілді;
7) Қолданыстағы заңнамалар негізінде БСҰ-да тамақтандыруды ұйымдастырушы сауықтыру кезеңі ішінде (әр ауысым сайын) өндірістік бақылау жасауға аккредиттелген зертханалармен келісім шарт жасасу жолымен өз-өзіне бақылау жүргізуге «Жалын» сауықтыру лагері ҰСО-ның аудандық бөлімшесімен 03.04.2024жылы №19 келісім-шартқа отырды;
8) Әрбір ауысым сайын ӨБ аясында ас блогынан шикі тағам өнімдері, дайын тағам, шайынды, ауыз су, тәуліктік құнарлыққа, «С» витаминге сынамалар және 1 рет залалсыздандыру ерітінділерінің алынуын қамтамасыз етілуде;
9) «Жалын» сауықтыру лагерінің басшылығымен тамақтандыруды ұйымдастырушы кәсіпкерлік субъектілермен бірге әр ауысымға арналған он күндік перспективті ас мәзірі әзірленді;
10) «Жалын» сауықтыру лагері әкімшілігі, медицина қызметкерлері мен басқа адамдардың қатысуымен тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөнінде комиссия құрылды;
11) Тамақтарды дайындау технологиясын, олардың құнарлығының сәйкестігін сақтау мақсатында ас блогында тағамдар картотекасы бар;12) Балаларды сауықтыру, күндізгі лагерь басшыларынан тағамдардың қауіпсіздігін растайтын сертификат, декларациялармен қамтамасыз етілуін, объекті басшысымен бекітілген күн тәрітбі, перспективті ас мәзірінің орындалуы мониторинг кезінде қадағаланады;
13) Төсек-орын жабдықтарды (матрац, жастықтар мен көрпелер) камералық дезинфекция әдісімен немесе химиялық дезинфекциялау құралдарымен жылына бір рет залалсыздандырудан өткізуге ЖК «Қарлығашпен» 27.02.2024 жылы №15 келісім-шартқа отырған;
14) Сауықтыру науқаны алдында және әрбір ауысым аяқталған соң кемінде 2 күн лагерь ауласына, барлық үй-жайларға күрделі жинау, тазарту жұмыстарын, (шыбын-шіркей, құрт құмырсқаға) қарсы залалсыздандыру-зарарсыздандыру жұмыстары сапалы, уақытылы жүргізілді;
15) Білім басқармасына қарасты жазғы сауықтыру лагерьлер айналасын 500 метр радиуста іргелес аумақты қоқыстан, шөптен тазарту, үй және жабайы жануарлардан қорғаныш ретінде аумақты қоршау, лагерь ашылар алдында тосқауыл енін қоршау периметрі кемінде 300 метр жасай отырып, тосқауылды кенеге қарсы өңдеу жүргізуге ҰСО-ның аудандық бөлімшесімен 22.04.2024 жылы №21 келісім-шартқа отырған;
16) Санитариялық ағарту жұмыстарын жандандыру бойынша әлеуметтік желіге үш материал шығарылды, «Сыр табиғаты» газетіне «Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау» тақырыбында мақала жарияланып, облыстық департамен, облыстық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 17.05.2024 жылы «Жалын» сауықтыру лагері мен №35 мектеп-лицейде дөңгелек стол өткізілді;
Инфекциялық, соматикалық сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында БАҚ қоса отырып, санитариялық насихаттаудың әр түрлі нысандары мен құралдарын қолдану арқылы санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу бойынша:
– Балаларды сауықтыру ұйымдарында сауықтыру мерзімі алдында семинар ұйымдастырып, асхана қызметкерлерін гигиеналық оқытудан өткізуге аудандық білім, денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен 26.03.2024ж. №28-нқ, №121-Ө, №29-Ө бірлескен бұйрығы шығарылып, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №78 бұйрығын орындау (Әрі қарай – Қағидалар), балалар арасында жұқпалы іш ауруларын болдырмау, тағамнан жаппай уланудың алдын алу, оларды сауықтыру, демалысын, бос уақытын дұрыс өткізу» тақырыбында 2024 жылғы 14 мамырда №35 мектеп-лицейде семинар болды;
– Әрбір ауысым сайын «Ішек инфекцияларының, ботулизмнің және жаппай тағамнан уланудың алдын алу» тақырыпта «Жалын» сауықтыру лагері қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер өткізілді. Аудандық білім бөлімімен бірлескен «Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалын» сауықтыру лагері» КМҚК-нында тағамнан жаппай уланудың алдын алу үшін санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу туралы тақырыбындағы 03.06.2024ж. №52-нқ / №101-нқ. бірлескен бұйрығының №1 қосымшасымен бекітілген кесте бойынша 07.06.2024 жылы лагерде ақпараттық-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізді және бұл жұмыстар әр ауысым бойынша өткізіледі.