Белгілі қоғам қайраткері Алмагүл Божанова өмірден озды

Мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек еткен Алмагүл Божанқызының өнегелі өмірі ел есінде сақталатыны – оның өлшеусіз еңбегінде деп айтуға толық негіз бар. Ол кісі еңбек жолындағы бірге қызмет атқарған замандастарын, Сыр елінің белгілі тұлғалары, қоғамдық-саяси ахуал, жалпы өмір туралы толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп, осы кезге дейін бірнеше кітап жазды. «Ердің бағын жандырған Ер Балдырған», «Сыр елім – Жерұйығым», «Сенім жүгі», «Аңыз, абыз адам», «Құдірет пен қасиет», «Көпір», «Сырым мен шыным», «Ғасыр үні», «Ел ардақ-тылары» атты кітаптары Сыр өңірі руханиятына қосқан үлесі екені айқын.
Алмагүл Божанова – 1992-1999 жылдар аралығында Сырдария ауданын басқарған ең алғашқы әйел әкім. Ол бүгінге дейін «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы қызметін атқарған.