Аудан әкімі жеке кітапхананың ашылу салтанатына қатысты

Аталған іс-шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, мемлекеттік сала ардагері Алмагүл Божанқызын мерейлі мерейтойымен құттықтады.
– Мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек еткен Алмагүл Божанқызының өнегелі өмірі ел есінде сақталатыны - оның өлшеусіз еңбегінде деп айтуға толық негіз бар. Ол кісі еңбек жолындағы бірге қызмет атқарған замандастарын, Сыр елінің белгілі тұлғалары, қо¬ғамдық-саяси ахуал, жалпы өмір туралы толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп, осы кезге дейін бірнеше кітап жазды. «Ердің бағын жандырған Ер Балдырған», «Сыр елім - Жерұйығым», «Сенім жүгі», «Аңыз, абыз адам», «Құдірет пен қасиет», «Көпір», «Сырым мен шыным», «Ғасыр үні», «Ел ардақ-тылары» атты кітаптары Сыр өңірі руханиятына қосқан үлесі екені айқын.
Тарихи таныммен ұрпақтар сабақтастығы дамиды, ұлттық сана қалыптасады. Үлкенге көрсетілген құрмет, келешегіміздің баянды болуына жол ашады.
Есімі мен өнегелі істері - Сыр елімен бірге жасап келе жатқан – тау тұлғаның тарихқа толы музейі құтты болсын, – деді аудан басшысы өз құттықтауында.
Алмагүл Божанова – 1992-1999 жылдар аралығында Сырдария ауданын басқарған ең алғашқы әйел әкім. Ол бүгінде «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы қызметін атқаруда.
@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі