Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

05 қараша 2024 ж.

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Туризмді дамыту аудан экономикасына серпін береді

Туризмді дамыту аудан экономикасына серпін береді

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістен кейін аудан әкімі Берік Сәрменбаев ауданда туризмді дамыту мәселесіне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

– Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев «Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл арқылы біз өңірдің экономикалық жағдайының жақсара түсуіне, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне қол жеткіземіз» деп атап өтті. Сондықтан туризмді дамыту аудан экономикасына серпін береді. Осы бағытта жұмысты жауапкершілікпен атқару қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Жалпы, Қызылорда облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес туризмді дамытуға меже белгіленген. Соған сәйкес, ауданға өткен жылы 143.4 млн. теңге инвестиция тартылған.

Айта кетейік, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының Ақжарма және Шаған елді мекендерінің бойында 2 сервистік қызмет көрсету кешені жұмыс жасайды. Сервистік кешендердегі қонақ үйлерге былтыр 599 адам келген.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 мамыр 2024 ж. 197 0