Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ішкі туризмді дамытуға БАҚ-тың қандай әсері бар?

Ішкі туризмді дамытуға БАҚ-тың қандай әсері бар?

Алматы облысы үшін туризмді дамыту – маңызды экономикалық фактор. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев І Халықаралық туризм және медиа форумында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Кеше І Халықаралық туризм және медиа форумы аясында әлемнің 15 елінен, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 200-ге жуық журналист Алматы облысындағы Көлсай көлдері және Шарын шатқалына пресс-турға барды. Ал бүгін облыстық әкімдіктің қабырғасында Қазақстандағы туризм, медиа, PR, синтетикалық медиа тақырыбында семинар-тренинг басталды. 

Семинар-тренингтің бірінші отырысы Қазақстандағы туризм: даму келешегі мен мүмкіндігі тақырыбында өтіп жатыр. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев туризмді дамытуда БАҚ-тың маңызы зор екенін айтты.

“Қонаев қаласында қос бірдей халықаралық деңгейдегі шара – Медиа және туризмнің халықаралық форумы және әуе шарларының фестивалі өтіп жатыр. Әлемнің 15-ке жуық мемлекетінің және еліміздің көптеген өңірінің БАҚ-тың өкілдері қатысып отырған медиа форумның маңызы зор. Бұл ірі екі шара өңіріміз туралы ақпараттық кеңістікте оң пікір қалыптастырады деген сенімдеміз. Себебі, Алматы облысы үшін туризмді дамыту – маңызды экономикалық фактор”, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің сөзінше, туризм индустриясы БАҚ-пен, ал қазіргі заманда жаңа медиалар – әлеуметтік желілермен тығыз байланысты. Сонымен қатар ол туризмдегі инфрақұрылым, қызмет сапасын көтеру сынды мәселелерге де тоқталып өтті.

“Алматы облысында кәсіпкерлер туристік нысандарды салса, шығындарының 10%-ын, жол бойындағы сервистік нысандарды салса, 10%-ын, туристік автобустар алса, 25%-ын қайтару механизмі қарастырылған. Аталған және басқа да көптеген мәселені шешу қазіргі күні әзірленіп жатқан өңірімізде туризмді дамытудың мастер-жоспарының аясында қарастырылмақ”, – деді облыс әкімі.

Халықаралық медиа форумның ашылу салтанатына арнайы келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі форум қатысушыларын құттықтады.

“Туризмді дамыту үшін БАҚ-ның ақпараттық насихаты маңызы ерекше. Бүгінгі медиа мен туризмді бір жерге тоғыстырған форум Алматы облысының туризмі дамуына септігін тигізеді”, — деді министр.

Іс-шара ұйымдастырушысы, Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы әлемдік туризмнен былтырғы кіріс 1 трлн АҚШ долларға жеткенін атап өтті.

“Алматы облысы – қазақтың ежелгі әдет-ғұрпы, тарихы, салт-дәстүрінің ең басты даму мекені. Сол себепті форум биыл осы жерде ұйымдастырылып отыр. Тамызда Анталиядан журналистер келіп, өңір басшысының қолдауымен бұл жерде тағы да ауқымды шара өтеді. Онда туризмді дамыту, инвестиция тарту секілді мәселелер қарастырылатын болады. Шетелге шығу жақсы,бірақ, Қазақстанның да көрікті жерлері көп, соларды әлеуметтік желіде насихаттап, ішкі туризмді дамытуға шақырамын”, – деді қор президенті.

Фото: Bugin.kz
24 шілде 2023 ж. 164 0