Шығыс сұлуларының тағы бір құпиясы
Жапонның сән салондары ұлу шырышымен жасару рәсімдерін ойлап тапты. Косметологтардың айтуынша, ұлу шырышының құрамында қажетті ақуыздар, антиоксиданттар мен гиалурондо қышқыл болғандықтан теріні жасартып, қара тесіктерді бекітіп, күйген теріні қайта қалпына келтіреді.
Уқалаудың артықшылығын тәжірибие жүзінде Ci:z.Labo сән салонының қызметкері Манами Такамура көрсетті. Тұтынушысының бетіне бірнеше ұлуды орналастырып рәсімді бақылауға мүмкіндік берді.
Уқалаудан кейін Саяко Итоның терісі балғынданып, рахаттан қалғып кеткені де байқалды. Келермен өзі де ұлулардың уқалауынан кейін бетінің терісі жұмсарып, біркелкі болып қалғандығын айтты.
Рәсімнің қорқынышты түске ұқсайтындығына қарамастан, сыртқы көрінісіне аса мән беретін кәріс әйелдерінің арасында танымал. Мұнымен қатар жасарту әсері жоғары 60 минуттық уқалау 250 АҚШ доллары тұрады. Қалта қалыңдығын талап ететін рәсім туралы "Майдаланған ұлулар мен ашыған сүтті араластырып тері қабынуына ем етіп қолдануға болады" деп Гиппократ жазып кеткен. Сол әдісті Жапондықтар мен Оңтүстік Кәріс халқы тиімді пайдаланып отыр.