МЫҢ БАЛА – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы – түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру мүмкіндіктерін көздейтін жоба. Бұл жоба жақында ауданымыздағы Ə.Тəжібаев атындағы №36 мектеп-лицейде «Бір отан! Бір тағдыр» атты тақырыппен ауқымды түрде аталып өтті. Шараға облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас сарапшысы Ш.Әбдраманова, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сырдария ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы А.Қасымова және сала қызметкерлері мен оқушылар қатысты.
Шара барысында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас сарапшысы Ш.Әбдраманова сөз сөйлеп, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының мақсаты мен міндеттері жөнінде кеңінен айтты. Жобаның негізгі мақсаты тілдерді жеңілдете оқытудың «Тілдарын» әдістемесі бойынша «Сиқырлы қалам» инновациялық әдістемелік кешенінің және басқа да озық тіл үйрету құралдарының көмегімен түрлі этностық топтардың балаларына мемлекеттік тілді үйрету болып табылады.
Жалпы алғанда Қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің біріктіруші рөлінің негізінде өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мен мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыру және тіл, мәдениет, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар арқылы балалардың бойында толеранттылық қарым-қатынас әдебін қалыптастыру екені анық. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына мемлекеттік тілді үйретіп, ұлттық құндылықтарды жастардың бойына сіңіру бағытында жемісті жұмыс жасап келе жатқан №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің ұжымын, аудандық білім бөлімінің бас маманы Ж.Ашықбаев пен аудан əкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлын «Қоғамдық келісім» КММ атынан «Алғыс хатпен» және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Жалпы, республикалық мәдени-ағартушылық жоба аясында өткізілген іс-шарада түрлі этнос өкілдерінің оқушылары қазақ тілінде әндер шырқап, мың бұрала би билеп, түрлі көріністер қойып, белсене қатысты.

Айдана ҚАЛИЕВА