Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелді

Республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелді

«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны жағдайы бойынша соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыстағы (Ақмола, СҚО, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде (жалпы ұзындығы 4400 метр) су тасқыны болған.

«5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолында (ұзындығы 552 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 315 бірлік техника мен 336 адам жұмыс істеп жүр», делінген хабарламада.

Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар екі жолда қозғалыс ашылғанын мәлімдеді:

Ақмола облысы: «Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының 553-595 шақырымы (Сурган ауылы-СҚО шекарасы учаскесі).

Солтүстік Қазақстан облысы: «Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының 595-612 шақырымында (Ақмола облысының шекарасы-Достық ауылы учаскесі).
22 сәуір 2024 ж. 76 0