Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық дамуды тежейді

Жемқорлық дамуды тежейді

Қазіргі қоғам үшін сыбайлас жем­қорлықпен күрес ең өзекті мә­се­лелердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мә­селе болып табылады. Біздің елімізде бұл мәселеге қарсы күрес іс-­шаралары тәуелсіздік алған сәт­тен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналды.

Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып отыр. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономикалық құру, инвестициялар тарту процесін баяула­тады. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер етеді. Елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Мемлекеттің осы құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасы таба береді.

Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюға бағытталған, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы қоғамның рөлі аса маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі қалыптасып, қоғам мен мемлекет арасында тығыз байланыс орнаған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болады.

Тереңөзек кент әкімі аппараты

06 тамыз 2022 ж. 394 0