Сәбилердің жұлдызнамасы. Жұлдыздар олардың дүниетанымына қалай әсер етеді?
Бұл сүйкімді балалар дүние есігін ашқан күннен бастап айналасындағылардың махаббаты мен қамқорлығына мұқтаж. Сонымен қатар, олар өздеріне үнемі көңіл бөлгенді талап етеді.
Сәби-Тоқтыны бір минутта жалғыз қалдыруға болмайды: ол айқай шығармағанымен жалғыз қалуды қаламайды. Өсе келе, бөбек өз құқығын талап етеді: оны өзі қаламаған ботқамен тамақтандыра алмайсыз, Ұнатпаған шалбарды немесе қалпақты кигізе алмайсыз, ұстауға қауіпті, бірақ , оның көзқарасымен қызықты заттар. Егер ата-ана талап қоятын болса, онда оларды мына жағдайлар күтеді: столдың үсті шашылады, тарелка жерге лақтырылып немесе басына киіледі, сонда бала өзін өз құқығын қорғаған жеңіскердей сезінеді. Ұнатпаған киімін шешіп лақтырады, қауіпті заттарды (кесетін, кіретін) ол -батыр өз ойыншығына айналдырғысы келеді.
Торпақ {21.04 – 21.05}
Кішкене торпақтар өте салмақты, өмірсүйгіш және мейірімді. Олар жақсы тамақтануымен ерекшеленеді, жайлы жерді ұнатады, аз жылайды. Жалғыз оны ренжітіп, жылататыны: еркінен тыс қинап қаламағанын орындатқызу. Егер тоңбаған жағдайда баланы көрпемен жауып немесе қалың киім кигізіп қойсаңыз ол біріншіден тыпыршып мазасызданады, бірақ сіз одан әрі үстін жабатын болсаңыз, ол бар күшімен жылап жібереді. Осындай жағдайлар оған қатты әсер етеді.
Егіздер {22.05 – 21.06}
Егіздер белгісінде туылған баланың ата-анасына үлкен шыдамдылық керек. Ол басқа балаларға қарағанда төсектен, қоларбадан көп құлап, қолы жеткен нәрсенің бәрін ұстап жұлқылайды және үнемі көз алдынан жоғалып кетеді. Егіздер жылдам дамиды. Олар ерте еңбектеп, ерте жүреді.
????Шаян {22.06 – 22.07}
Шаян белгісінде туылған сәбилер ата-анасына көп мазасыздық әкелмейді. Олар салмақты, үнемі көңіл бөлуді қажет етпейді және ұзақ уақыт өз-өзімен бола алады. Сәби күтпеген жерден жылап жіберуі мүмкін. Бірқ, мұны біреу қорқытты деп қабылдамаңыз, олардың көңіл-күйі тез ауысады және бұл реніштің себебін табу мүмкін емес.
Арыстан {23.07 – 23.08}
Арыстан-сәбилер салмақты, күлегеш болып келеді. Олар аз жылайды және көп ашулана бермейді. Өз бетінше ойнап, анасына көп салмақ салмайды. Өсе келе, олар көңілді, белсенді, көпшілік ортаны ұнататын және олардың көңілін өзіне аудара алатын болады. Өзімен қатарлас балалардың алды болуға ұмтылады. Бірақ, кейде өзінен де белсенді балалардың алдында өзін төмен ұстауы мүмкін.
Бикеш {24.08 – 22.09}
Бикеш-сәбилер салмақты және көп жыламайды. Оларды тамақтандыруда қиындықтар туу мүмкін. Егер сіз оған ұнатпайтын тамағын берсеңіз ішкісі келмей қырсығады. Бикештердің ерекшелігі тазалықты, ұқыптылықты жақсы көруінде. Олар ойыншықтарын сындырмайды және кішкене кезінен бастап киімін таза ұстауға дағдыланады.
????Кішкентай Таразы {23.09 – 23.10}
Таразы белгісінде туылған сәбилер өте бауырмал, күлегеш, көп жыламайды. Олардың бір ерекшелігі дыбысты және түстерді тез сезеді. Қатты, жылдам дыбыстарды жақтырмайды. Теледидардың даусы қатты шығып тұруынан немесе обоидың түсі тым ашық болуынан мазасы кетіп жылауы мүмкін. Жұмсақ, жағымды әуен, бірқалыпты түс оны тыныштандырады.
Сарышаян {24.10 – 22.11}
“Сындыру, бүлдіру – міне бұл өмір, міне бұл бақыт!” Сарышаян-сәбилердің ұраны осындай. Бірінші күннен бастап олар өздерінің бар екенін білдіреді. Сарышаян белгісінде туылған балалар басқалармен салыстырғанда ірі, денсаулығы жақсы және зор дауысты, оның ата-анасы уақытын тыныштықта өткізуге еш мүмкіндік алмайды.
????Кішкене Мерген {23.11 – 21.12}
Көңілді, күлегенш Мерген-сәбилер жалғыздықты жақтырмайды. Егер оны жалғыз қалдырсаңыз жылап, ұйықтай алмай мазасызданып, өзіне көп көңіл бөлуді қажет етеді. Егер ол ортада болса оған ешқандай дыбыс, шу әсер етпейді. Керісінше тыныш ұйықтап, оңай оянады. Олар басқа балаларға қарағанда кеш еңбектеп, кеш жүреді.
Тауешкі {22.12 – 20.01}
Сәби кезінде тауешкілер қарт кісілерді еске түсіреді. Егер олардың еш жері ауырмаса көп жылап мазаламайды. Айналадағы заттарды тану барысында оның ойланып отырғанын бақыласаңыз сізге ол барлық заттарды біліп, өмір құпиясын ашып қойғандай көрінеді.
Суқұйғыш {21.01 – 18.02}
Отбасыңызда суқұйғыш белгісінде сәби дүниеге келсе барлық тосын жайтқа дайын болыңыз. Бала жүріп, сөйлей бастаған кезде тыныштық аяқталады. Егер ойына бір нәрсе келсе, оны бірден жүзеге асыруға тырысады. Оның мақсаты өзіне белгісіз, бірақ, оны орындауға шебер. Ол гүлдің қалай өсетіндігін білгісі келіп гүлді қырқып тастауы, тамақтың дәмін өзгертуі үшін оған қант салып ішуі де мүмкін. Ол ойына келген сұрақтардың барлық жауабын білгісі келеді.
Балықтар {19.02 – 20.03}
Кішкене балықтар әлжуаз болып туылады. Бір жасқа дейін олар ата-анасының қамқорлығы мен көп көңіл бөлуін талап етеді. Өсе келе, ол ертегі әлеміндегі періштеге ұқсайды. Олар көбіне күндіз ұйықтап, түнде ұйықтамауды қалайды. Егер балықтарға жаны қаламаған нәрсені орындатқызса, онда оның мейірімді жүзінен аянышты күлкі пайда болады. Өзінің сенімсіздігіне қарамастан балықтар өз айтқандарынан қайтпайды.
Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан