Сіз аптаның қай күнінде тудыңыз? Бұл күн сіз туралы қандай сыр айтады?
Дүйсенбі
Дүйсенбіде дүниеге келген ерлер де тым сезімталдығымен ерекшеленеді. Қиялы кең, әйелдермен тез тіл табысқыш. Нәзік жандылардың да өзін тереңінен түсінгенін, қолдау көрсеткенін қалайды. Жалғыз қалса, бірдеңеге ұрынары сөзсіз. Сондықтан, жанында үнемі иығын тоса білетін жарының болғаны маңызды. Шын серігін тапса, ол үшін өмірін беруге әзір.
Ерлерге келетін болсақ, сейсенбі күні олардың бойына салмақтылықты аямай берген. Сөзі салмақты, тыңдаған жан еріксіз құлақ қояды және бағынады. Не болса соны айтпайды, бір-ақ рет тоқетерін жеткізеді. Осы қасиетімен талай жанды баурап алады. Өмір қиындықтарына мойымайтын беріктігі тағы бар. Жары үшін ең мықты қорған, асыраушы әрі бірсүйер махаббаты.
Сәрсенбіде туылған ер балалар адал болып өседі. Қай іске болсын адалдықпен, тәртіппен және ережемен қарайтын мұндай азаматтардың өмірде қиындықтары да аз болмас. Бірақ даналығының арқасында ешкімді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, кез келген қиыншылықтан алып шығады. Сүйсе, бар жүрегімен сүйеді. Ал өзі ұнатпаса, сүйдім деген қызға мойнын бұрып та қарамайды.
Әйел біткенді өзіне қарататын еркектер осы күні өмірге келеді екен. Жүрген жерінде жүректерге шоқ тастап кетеді. Отбасылық қым-қуыт тіршілікті ұнатпайды, үйі не жары жайсыз болса, басқа жайлы мекен іздеп кете барады. Ешқашан жалғыз қалмайды және жалғыздықтан қорқады. Әртістігі мен қулығы қатар жүреді, табиғатынан солай. Оны қаталдықпен ғана бағындыруға болады.
Бір нәрсені ойлап тұрып, екінші жаққа ауаны ауып кететін ер жігіттеросы жұма күні өмірге келеді деседі жорамалшылар. Оның айтқан сөзіне имандай сеніп қалуыңыз кәдік, бірақ, артынан шындыққа жанаспайтындығын байқайсыз. Мұнымен не айтқалы отырғанымызды ұққан да боларсыз. Оны түсінуге де болады, мінезі жұмсақ және тым сезімтал болғандықтан, өздерін ірі көрсеткісі келеді де, өтірікке жүгінеді. Түсінген жан үндемей-ақ жөнге салады. Өзін сүйгенді, қолдағанды және мейірімге бөленгенді жақсы көреді. Жары өзі қалағандай ықылас білдіре алса, отбасын аузынан тастамай айтып жүретін болады.
Ал, сенбі күні дүниеге келген жігіттер ешкімге, ештеңеге бағынбайды. «Жарайды» деуі мүмкін, бірақ, бәрібір өз дегенімен қалады, өз қалауын жасайды. Оған қарсы тұрудың да қажеті жоқ, бос әурешілік болып шығады. Олардың ішкі ойын дөп басу қиын, өте жұмбақ еркектер. Сондықтан, өзін алдарқатқанды, аяғанды теріс түсінуі мүмкін. Жалғыз қалса да, өмірде өз дегенін жасайды. Әйелдерге көбіне сенімсіздікпен қарайды, сондықтан, отбасының тізгінін де, қаржысын да өз қолына алады.
Ер-азаматтарға келсек, жексенбі күні тек өзіне, екі қолы мен аяғына ғана сенетіндер өмірге келеді. Бірақ, нәзік жандыларға құрметі ерекше. Жары адал болса, алақанында ұстайды. Баласынан бұрын жарын ойлап тұрады. Көп сөйлегенді де, көп сөйлегендерді де ұнатпайды.
Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан