Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Мұғалім шеберлігінің лабиринті» педагогикалық квест

«Мұғалім шеберлігінің лабиринті» педагогикалық квест

Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 14 наурызында №37 мектеп – лицей базасында «Мұғалім шеберлігінің лабиринті» педагогикалық квесті өтті. 17 мектептің жас мамандары қатысты.

Әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқыту үшін қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал ету, білім беру процесіне заманауи тәсілдерді игеру және енгізу, жас педагогтердің зияткерлік әлеуетін тарту мақсатында жас педагогтермен «Мұғалім шеберлігінің лабиринті» педагогикалық квест түріндегі кездесу өткізді.

Іс-шара барысында жас педагогтер «Заманауи қолданыстағы әдіс- тәсілдер», «Көшбасшы бол», «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін логоритмикалық жаттыуғылар» сияқты өзекті тақырыптар бойынша шебер сыныптар мен тренингтер көрсетілді.
Қатысушылар ұйымдастырылған шараның жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтіп, ризашылықтарын білдірді.

Фото: Ашық дереккөзден

15 наурыз 2024 ж. 372 0