Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Біртұтас тәрбие бағдарламасы

Біртұтас тәрбие бағдарламасы

Бүгін білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібековтың төрағалығымен №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында мәжіліс өткізілді. Мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және педагог-психологтардың қатысуымен өткен мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

1. 2024 жылдың қаңтар айында орта білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» жүзеге асырылуы мен психологиялық және әлеуметтік қызмет жұмыстарының ұйымдастырылуына жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы туралы;
2. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің үйлестірілуі туралы;
3. Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері;
4. Балалардың жазғы тынығу маусымын ұйымдастыру туралы.


Мәжілісте аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков сапалы біліммен қатар өскелең ұрпақтың тәрбиесінің өте маңызды екендігін, бұл бағытта табысқа жету үшін жалаң сөзге емес, нақты іске негізделу керектігін жете түсіну қажеттігін атап өтті.


Сонымен қатар, барлық мектеп директорларына мектептерде психологиялық қызметті тиімді үйлестіріп, құқық бұзушылықты болдырмау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқушылардың жазғы демалысын іс-шаралар жоспарына сәйкес тиімді ұйымдастырып, жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Фото: Ашық дереккөзден

14 наурыз 2024 ж. 556 0