Ұлттық тәрбие – сапалы білім тұғыры

21 ақпан күні №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде «ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ-САПАЛЫ БІЛІМ ТҰҒЫРЫ» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған облыстық семинар барысында мағыналы іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың интеллектуалды ойлау қабілеттерін жақсарту жұмыстары жүргізілді.
Семинарды Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының директоры Досаев Фархат Лиясұлы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы және білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Есназар Алмас Зейноллаұлы қорытындылап, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтарды «Құрмет грамотасымен» марапаттады.