Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бала туу азайған соң жәрдемақыға бөлінетін қаржыны қысқарттық

Бала туу азайған соң жәрдемақыға бөлінетін қаржыны қысқарттық


Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 2018-2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын талқылау барысында әлеуметтік салаға бөлінетін бюджет қаржысын азайту себебін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Сенатор Динар Нүкетаева әлеуметтік салаға бөлінетін шығыстар 5 млрд 720 млн теңге қысқартылып отырғанын айтты. Оның айтуынша, нақты осы төлемдерді алатындар саны азайтылған және орташа көлемдегі төлемдерге байланысты бала тууға төленетін бір реттік төлемақы мен бір жасқа келгенге дейінгі бала күтіміне төленетін ай сайынғы қаражат қысқартылған.
«Мұны қалай түсінуге болады? Басқа көршілес мемлекеттерді алар болсақ, баланың туылуына жылдан-жылға қолдау көрсетіп отыр. Оның күтіміне, оның туылуына деген қаражатты жылдан-жылға көбейту арқылы балалы болуды үлкен мәртебеге айналдырып отыр. Олар қаржыны ұлғайтқанда, біз неге оны қысқартуымыз қажет? Мысалы, Ресейде ана капиталы барын жақсы білесіздер. Балаға, анаға берілетін қаражатты қысқарту арқылы бала санын қалай көбейтеміз және демографияны қалай көтереміз?» - деп сұрады сенатор.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова әлеуметтік салаға бөлінетін бюджет шығындарының 5 млрд 700 млн теңгеге азаю себептерін атап көрсетті.
«Біріншіден, бір жолғы бала тууына арналған жәрдемақы мен оның күтіміне ай сайынғы жәрдемақы алушылардың болжамды санының азаюына байланысты 2,7 млрд теңгеге қысқартылды. Жоспарлаған кезде 5 жыл бойы бала туу динамикасы өсіп келді. Бірақ 2017 жылды алып қарасақ 19 мың балаға азайды. Биыл осы жәрдемақыны алатын адамдар саны қайтадан азаяды деп күтіп отырмыз. Биылғы шығыстарды қарастырғанда 5 жылдың динамикасын алғанбыз, бірақ 2017 жылдың қорытындысы бойынша біздің болжамымыз өзгерді», - деді ол.
Министр қаржы көлемі қысқарғанымен жәрдемақы саны мен мөлшері бір қалыпта қалатынын айтты. Оның айтуынша, қазір көп әйел жұмысқа орналасып, бала күтуге байланысты төлемдерді әлеуметтік сақтандыру қорынан алып жатыр. Ал қордан алса төлем мөлшері үлкен болады.
«Екіншіден, төрт балалы отбасыларда 1-2-ші балаға алған төлемдердің мөлшері аздау болады, ал 3-4-ші балаға үлкен болады. Қазіргі біздің болжамымыз бойынша, 3-4-ші бала тууға қатысты төлемдер саны кішкене азайды. Себебі 1-2 балалы отбасылар саны көбейді. Шығыстарды кішкене қысқарттық. Бірақ та өлшемі бірқалыпта қалып, өсіп жатыр», - деді Әбілқасымова.
Baq.kz
26 сәуір 2018 ж. 1 353 2

Гость JeaOrer от 12 ақпан 2019 14:35
Acheter Amoxicillin Medicament Fonts Prescrire cialis no prescription Cephalexin Oral Suspension Dog Dosing Antibiotics For Sale

Гость JeaOrer от 4 наурыз 2019 19:53
Flomax Without Prescription Achat Viagra Quel Site Viagra 100mg Price cialis Cephalexin Tobacco Prednisone For Sale Quelqu'Un A Essaye Priligy