Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ТÄRBIE TALQY» алаңында Сырдария ауданының ер балалары пікірлесті

«ТÄRBIE TALQY» алаңында Сырдария ауданының ер балалары пікірлесті

Әр ұлт өзінің ұлттық құндылықтарымен ерекшеленеді. Бүгінгі таңдағы ғаламдану үдерісінде, Еуропалық өмір салтына еліктеу басым болып тұрған қоғамда ұлттық құндылықтарды сақтау, ұлттық сананы сақтаумен егіз ұғым іспетті болып отыр. Оның ішінде ер бала тәрбиесіне, әкенің қоғамдағы орны ерекше.

Әке деген ұлы есім... Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Қай қоғамда да педагог ұрпақ тәрбиесіне жауапты тұлға екенін ескерсек, қазіргі қоғамдағы педагогтардың міндеті –өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыру. Осы орайда кездесуге келген ағаларымен ер балалармен сұхбаттасып, еркін форматта ой бөлісті. Мақсатымыз -тұлға дамуы қамтамасыз етілетін және оқу-тәрбие үдерісін басқарудың, оқу үдерісінің, сабақтан тыс тәрбие жұмысының, қосымша білім берудің, сыртқы әлеуметтік институттармен қарым-қатынастың құндылық әлеуетін күшейту арқылы рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық құндылықтарды санасына сіңірген өскелең ұрпақты тәрбиелеу.
Модераторлар:
1) Досаев Фархат Лиясұлы - «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры
2) Баймбетов Нұрлыбек Ақылбекұлы - «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының бөлім басшысы
4) Қалиев Бағлан Аманбекұлы- «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының әдіскері
5) Сиюов Сағатбек Қуанышбайұлы - “Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы
6) Сәлімгерей Нұрым- «Әлем Барысы» турнирінің жеңімпазы
7) Ақылбек Скендир – актер, жайдарманшы, блогер.
15 ақпан 2024 ж. 210 0