Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
Қылмыстың алдын алу мен болдырмауда жедел-профилактикалық іс-шаралардың алатын орны ерекше. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кеңінен айтып өтті. Президент полиция қызметін сервистік жүйеге көшірудің маңыздылығын атап өтіп, жедел-профилактикалық іс-шараларды ұдайы жүргізу қажеттігін тапсырды.– Біз өз жұмысымызды түрлі бағытта ұйымдастырып жатырмыз. Басты мақсатымыз – қылмыстың алдын алу. Акция басталғалы бері аудан әкімдігімен бірлесе жалпы білім беретін мектептерде кездесулер өткізілуде. Оған жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, жұртшылық өкілдері қатысуда. Учаскелік полиция инспекторларына да өздеріне бекітілген аумақта халықпен кездесіп, еркін форматта пікірін тыңдау тапсырылған. Сондай-ақ кездесулер барысында Ішкі істер министрлігі тарапынан қабылданып жатқан шаралар да ақпараттандырылуда, – дейді аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Қыдырбек Көшекбаев.
Айта кету керек, «Аула ішінде кездесу» акциясы әр он күн сайын қорытындыланып, келіп түскен арыз-шағымдар мен өтініштерге талдау жасалмақ. Соның негізінде нақты шешімдер қабылданып, жедел және жұмыс кеңестерінде қаралатын болады.
А.ИБРАГИМҰЛЫ











