Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдарияда жастарға қолдау көп

Сырдарияда жастарға қолдау көп

Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы облыстық медиа алаңда «Сырдария ауданы бойынша 2023 жылдың атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы» атты БАҚ өкілдеріне кезекті брифинг өткізді.
Аудан әкімі ауданда жүргізілген даму көрсеткіштері барысында жергілікті жерде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы ерекше тоқталып өтті.

Аудан басшысы: «Еңбек жастары» бригадасы Айдарлы және Шіркейлі ауылдарында, 2023 жылы Бесарық, Аманкелді, А.Тоқмағанбетов және Жетікөл елді мекендерінде құрылған еңбек бригада қатарына жұмыссыз жастар мен NEET санатындағы жастар қамтылып, 60 гектар жерге бақша дақылдарын екті. Жастар бригадасы биыл да ауданымыздың аграрлық саласына өз үлестерін қосатын болады, - деді.

Өткен жылы ауданымызда ҚР Мәжіліс депутаттары М.Жайымбетов пен М.Ергешбаев іс-сапарда болып, Айдарлы жастар бригадасының жұмыс барысымен танысты.

Сонымен қатар, Айдарлы ауылында Ұлттық волонтерлер желісінің атқарушы директоры Т.Миронюк бастаған Республикалық волонтерлер фронт-офисінің делегациясы қонақта болып, Айдарлы жастар бригадаларының жұмыс барысымен танысып, көрме ұйымдастырылды.

Жалпы Сырдария ауданы бойынша 14-35 жас аралығында жастар саны 11727 (ерлер- 5847, әйелдер-5880), яғни жалпы аудан халқының 30 пайызын құрап отыр.

Жастар арасында 231 жас тұрақты жұмысқа орналасса, 8 жас әлеуметтік жұмысқа, 141 жас жастар тәжірибесіне,116 жас қоғамдық жұмысқа орналасты.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру мақсатында 1 380,0 мың теңгеден 23 жас кәсіпкерге 31,7 млн.теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілсе, «Аграрлық несие коорпорациясы» арқылы жастарды қолдау мақсатында жеңілдетілген 2,5 пайызбен несиеге 91 жас кәсіпкер 407,7 млн теңге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 5 жас кәсіпкер 27,6 млн.теңге, «Микорбизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша 6 жас 41,5 млн теңге, «Аграрлық несие коорпорациясы» арқылы «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 2 жоба 28,5 млн теңге және «Іскер» бағдарламасы бойынша 5 жоба 23,5 млн.теңге, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 3 жас 10,1 млн теңге көлемінде қаржыландырылып, жас кәсіпкерлердің саны ауданда айтарлықтай өскен.
Былтыр ауданда «Жасыл ел» еңбек жасағы бойынша 220 жас уақытша жұмыспен қамтылып, Тереңөзек кентінің абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Ауданның «Жасыл ел» еңбек жасағы да облыс бойынша «үздік» деп танылды. «Үздік сарбаз» бен «Үздік жетекші» номинациясы да ауданның еншісінде.

Біз ауданның дамуына белсенді атсалысып жүрген жастарды мақтаныш санаймыз. Өткен жылдың қорытындысымен әр салада қызмет етіп жүрген үздік 10 жас аудан әкімінің «Өрлеу» жастар сыйлығымен және қаржылай сыйақымен марапатталды.

Алдағы уақытта аудан әкімі Б.Әбдіғаппарұлы жастар бригадасының және жас кәсіпкерлердің санын арттыруды, өз кәсібін кеңейту арқылы еліміздің өркендеуіне үлес қосатынын атап өтті.

Сондай-ақ «Сырдария барысы» қазақша күрестен турнир, аудан әкімінің «Өрлеу» сыйлығы, аудандық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық шарасы, аудандық Жастар форумы өз жалғасын таппақ.
01 ақпан 2024 ж. 209 0