Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Газ баллонды қондырғы арқылы қозғалтқышты қоректендіру

Газ баллонды қондырғы арқылы қозғалтқышты қоректендіру

Өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша әрбір автокөліктерде өрт сөндіру құралдарын, көліктерін техникалық қараудан өткізетін кезде ғана есіне алады. Сондықтан да, көліктегі өрттің орын алуына көп жағдайда автокөлік иелерінің тікелей өздері кінәлі. Электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағармай жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, сайып келгенде көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр. Машинадағы электр жабдықтары, жанар-жағармай мен синтетикалық материалдар жылдам тұтанатыны белгілі.

Автокөлікте болып жатқан өрттер соңғы уақытта өрт сөндірушілер үшін өзекті мәселеге айналды. Сырттан әкелінген шетелдік көліктер ұзақ жыл бойы қолданыста болғандықтан және электр сымдарының тозуы, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу салдарынан өртенуде. Автокөлікті ұзақ пайдалану және қолдан жасалған сақтандырғыштарды қолданудың нәтижесінде өрттің туындау ықтималдығы күшейеді. Автокөлігіңізде өртті болдырмау үшін отты қолданғанда ұқыпты әрі абай болу керек. Ең бастысы – автокөліктің қозғалтқышын жөндеу кезінде өз күштеріңізге ғана сенбеңіздер. Газды пайдаланатын автокөліктер үлкен алаңдаушылық тудырады. Үнемділігі мен қоршаған ортаға келтіретін зиянының аздығымен қатар газ-баллон жабдықтарын пайдаланумен байланысты бірқатар проблема да бар. Мамандырылмаған стансаларда сапасыз жабдықтарды орнату көбіне олардың істен шығуына, соның салдарынан жарылыс пен өрттің туындауына әкеп соқтырады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жабдыққа және оған кәсіби монтаждау жүргізу үшін станса таңдауда қаржыны үнемдеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, ГБЖ жабдықталған автомобильдер қызмет көрсетуде көп назар аударуды талап ететінін ұмытпаңыз.

Құрметті автокөлік иелері! Сіздің автокөлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалтқыштың жарамдылығын үнемі бақылап отыру керек. Электр сымдарында ақаулықтар болса, май немесе бензин аққан жағдайда автомамандарға хабарласыңыз. Ең бастысы, сыйымдылығы 2 келіден кем емес жарамды өрт сөндіргіші болуы керек.

Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып жағдайды, мекен-жайын асықпай толық айтуы тиіс.

Сонымен қатар, Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде 8/72436/21-4-94 номерлі телефоны жұмыс жасайды.

Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
26 қаңтар 2024 ж. 123 0